Әлем

Президент қатысқан салтанатты жиында оқушылар мен мұғалімдер естен танып құлады

© Sputnik / Тимур БатыршинБірінші қыркүйек
Бірінші қыркүйек - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Оқиға Тәжікстанда болған, балалар мен мұғалімдер президент Эмомали Рахмонды жеті сағат бойы күткен

АСТАНА, 17 наурыз – Sputnik. Душанбеде өткен мектептің ашылу салтанатында Тәжікстан президенті мен қала мэрін жеті сағат бойы күткен оқушылар мен мұғалімдер естен танып құлады.

Эскалатор, архив - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Астанада сауда орталығының бірінде қыздың үстіне пальма ағашы құлады - видео
Ел астанасында өткен мектептің ашылу салтанатына басқа мектептердің оқытушылары да шақырылған. Ашылу рәсімі түскі сағат 14.00-ге жоспарланса да, балалар мен мұғалімдерді таңғы жетіден жинапты, деп хабарлайды Akhbor.

Жеті сағат бойы нәр татпаған екі мұғалім президенттің көз алдында естен танып құлады. Қарамағындағылардың оқушылар мен ұстаздарды осыншама уақыт бойы "күттіріп қойғаны Эмомали Рахмонға ұнаған жоқ.

"Неге олай жасайсыздар? Жұртты неге аш ұстайсыздар? Бір шыныаяқ кофе мен бәліш әкеп беру соншалықты қиын ба? Ұйымдастыру керек еді мұны!", - деп ашуланды президент.

Мұғалімдердің бірі салтанатты ашылу рәсімінде екі оқушының да естен танғанын айтты. Бірақ, балалар алыста тұрғандықтан, мемлекет басшысы мұны көрмепті. 

Жаңалықтар
0