Дерекқор

Қарағанды академиялық музыкалық комедия театры туралы не білеміз?

© Photo : Карагандинский академический театр музыкальной комедииҚарағанды академиялық музыкалық комедия театры
Қарағанды академиялық музыкалық комедия театры - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Небары тоғыз ай ішінде ашылған өнер ордасы жайлы толығырақ Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз

Театр қалай құрылды

Қарағанды академиялық музыкалық комедия театры 1973 жылдың 16 қарашасында алғашқы маусымын ашты. Алғашқы қойылым М. Дунаевскийдің "Вольный ветер" опереттасы болды. Бұл театр аз ғана уақыт ішінде ашылған өнер ошақтарының қатарында.  Тиісті жарлық наурыз айында шықты. Ал қарашада театр өз шымылдығын түріп үлгерді. Әртістер алғашқы қойылымнан-ақ көрермен көңіліне жол тапты.

© Photo : театрдың ресми сайтыҚарағанды музыкалық комедия театры 1973 жылы КСРО музыка театрлары арасында ең жас ұжым болды. Суретте 1974 жылдағы театр ұжымы
Қарағанды академиялық музыкалық комедия театры туралы не білеміз? - Sputnik Қазақстан
Қарағанды музыкалық комедия театры 1973 жылы КСРО музыка театрлары арасында ең жас ұжым болды. Суретте 1974 жылдағы театр ұжымы

1980 жылы өнер ордасы Теміртаудан Қарағандыға көшірілді.

2000 жылы театр "академиялық" мәртебеге ие болды.

театр - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Мұхамедиұлы театр әртістерінің қанша алатынын айтты
Өнер ошағының репертуары

40 жылдан астам уақыт ішінде театр 200 қойылым сахналаған. Өнер ошағының ұжымы музыканың сан алуан жанрында қойылым әзірлесе де, опереттадан алыстамады. Әлемдік классикалық опереттамен бірге заманауи туындылар да қойылды. "Баядера", "Сильва", "Марица", "Цыганский барон", "Летучая мышь", "Веселая вдова", "Проделки Ханумы", "Собака на сене" қойылымдары сахналанды. Тұрақты көрерменін мюзикл, шоу, балет, опералармен де қуантты.

Қазіргі таңда театр репертуарындағы оперетта саны 30-ға жуық. Алғашқы музыкалық комедия – Р.Гаджиевтің "Не прячь улыбку!" қойылымы. Бүгінде 30-ға тарта комедия, 34 ертегі, 10 мюзикл, 10 балет, 8 опера  бар. Театр қазақстандық авторлардың 18, ресейлік авторлардың 84 және әлемдік классиканың 46 туындысын орындады. 14 шетелдік ертегі сахналанған.

Театр ұжымы

Театр тарихы негізін қалаушысы, көркемдік жетекшісі Евгений Пелещук пен тұңғыш бас режиссері, Қазақстанның  еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Вадим Григорьевтің есімдерімен байланысты.

Тағы оқыңыз: Астана қаласы әкімдігінің "Қуыршақ" театры

Қазіргі таңда Қарағанды академиялық музыкалық комедия театрына Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Амантай Ыбыраев жетекшілік етеді.

Барлығы театрда 300 адам қызмет етеді. Труппада 150 әртіс бар. Олардың ішінде 5  Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері мен әртісі, 5 "Мәдениет қайраткері" төсбелгісінің  иегері, 3 халықаралық байқау лауреаты мен 2 "Құрмет" орденінің кавалері бар.

© Photo : театрдың ресми сайтыҚарағанды музыкалық комедия театрының труппасы, архивтегі сурет
Қарағанды академиялық музыкалық комедия театры туралы не білеміз? - Sputnik Қазақстан
Қарағанды музыкалық комедия театрының труппасы, архивтегі сурет

Елена Филинкова, Галина Кожушкина, Александр Малявский, Александр Бойко, Виктор Игушкин, Анна Беспалова, Александр Браун, Виталий Ковалев, Мария Васильева, Дарья Пивень мен Юрий Чапаевты атап өтуге болады. Балетте Руслан Гамидов, Дәурен Мұсабеков, Владимир Евстафьев, Зинаида Торшина, Ольга Чеканникова, Анастасия Крумина, Ольга Нечепорчук, Александра Нагайбекова және  Татьяна Плесовских көрерменге жақсы таныс.

Тағы оқыңыз: Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театры

Театр концертмейстерлері – Жанна Шестакова мен Людмила Ратушняк.

Балетмейстері – Татьяна Судакова-Попович.

Хормейстері – "Құрмет" орденінің кавалері Татьяна Штыкова.

Театр ішіндегі студия

Театр жанынан қуыршақ студиясы ашылған. Оның әртістері 12 жыл бойы балалар қойылымдарын әзірлеуде. Репертуарларында "Принцесса и гномы", "Путешествие в Изумрудный город", "Дюймовочка", "Винни-Пух и его друзья" сынды 30-дан астам әлемдік классика мен қазіргі ертегі бар.

© Photo : Қарағанды академиялық музыкалық комедия театрыҚарағанды академиялық музыкалық комедия театры
Қарағанды академиялық музыкалық комедия театры туралы не білеміз? - Sputnik Қазақстан
Қарағанды академиялық музыкалық комедия театры

Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған «Буратино» қуыршақ театры да жұмыс істейді. Студия қызметкерлері –  кәсіби әртістер. Шымылдықтың ар жағында ойнатылатын қуыршақтармен бірге сицилиялық қуыршақтар да жасалады. Кішкентай көрермен Г.Остердің "Котенок по имени Гав" және "Клочки по закоулочкам", Г. Андерсеннің "Свинопас" туындыларын тамашалайды. Студия репертуарында 40-тан астам туынды бар.

Тағы оқыңыз: Дулыға Ақмолда: Актер деген мамандықты төменге түсіріп жібердік...

Театр ішінде балалар балет студиясы мен ең кішкентай көрермендерге арналған зал қарастырылған.

Өзге театрлармен әріптестігі

Өнер ордасы өзге театр әртістерімен тығыз байланыс орнатқан. Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры, Күләш Байсейітова атындағы опера және балет театры, Өзбекстанның ұлттық театры, Қырғыз опера және балет театры, Ресейдің үлкен театры,  Санкт-Петербург музыкалық комедия театры солардың қатарында. Беларусь, Германия, Әзірбайжан елдерінің әртістерімен бірлескен жобалар әзірленеді. Театрдың Қазақстанда ғана емес, ТМД елдері  мен алыс шетелде де өз көрермені бар.

Жаңалықтар
0