АСТАНА, 17 наурыз – Sputnik. Танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген өзін не бақытты ететінін айтып, талантты балалардың ата-аналарына кеңес берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Балаларды бай болуға емес, бақытты болуға үйретіңіздер. Сонда олар есейгенде, әр нәрсенің бағасын емес, құндылығын білетін болады. Мен сахнада сіздердің алдарыңызда тұрған кезде, шынымен бақыттымын. Өздеріңізді күтіңіздер", - деп жазды Құдайберген инстаграмдағы парақшасында.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Еске сала кетсек, 22-23 наурыз күндері қазақстандық әнші Мәскеудегі мемлекеттік Кремль сарайында жеке концертін береді. Шығармашылық кешті ресейлік композитор Игорь Крутой мен "ДимашӘли" орталығы ұйымдастырып жатыр.
Тағы оқыңыз: Димаштың Астанадағы концерті: билеттерді қашан және қалай сатып алуға болады
Ал 29 маусымда елордада Димаш Құдайбергеннің "Арнау" атты концерті өтеді.