Әлем

Түсік жасатуға қарсы күресіп жүрген адам 13 жастағы қызын зорлап тастады

© Sputnik / Табылды КадырбековДевочка сидит спиной, архивное фото
Девочка сидит спиной, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Айыпталушы сот шешімімен келіспей, үкімге шағымданатынын мәлімдеді

АСТАНА, 16 наурыз — Sputnik. Ресейдің Новосибирск қаласының тұрғыны кәмелетке толмаған қызын зорлағаны үшін 13 жылға сотталды. 

Йоханна Ақбергенова, #НеМолчиKZ қоғамдық қозғалысының баспасөз хатшысы - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Туған әкесі зорлаған қыз: басқа біреу болғанда айту жеңіл болар ма еді...
Тергеушілердің айтуынша, ер адам қызын 13 жасында азғындыққа итермелеген. Қыз ешкім сенбей қоя ма деп қорқып, бірнеше жыл бойы іштен тынып келген. Ал әжесі немеремді анасы өтірік айтуға итермеледі дейді. Бұл туралы жергілікті Vn.ru порталы хабарлады.     

Ер адам туу көрсеткішін жақсартуды және саламатты өмір салтын ұстануды белсенді түрде қолдап жүргені белгілі болды.  

"Максим мен біздің отбасымыздың ерікті қызметін көп адам көрді. Ол абортқа қарсы қозғалысқа қатысып, адамгершілік, адалдық секілді құндылықтарды нығайтуға күш салды (...).Ол әкесіне жала жауып отыр. Мұны әкесі мен бізді құртып жібергісі келетін анасы үшін жасап отыр", - дейді қыздың әжесі.

Айыпталушы сот шешімімен келіспей, үкімге шағымданатынын мәлімдеді.   

Жаңалықтар
0