Театр тарихы
Драма театрдың ғимараты Оңтүстік Қазақстандағы Мырзашөл өңірінде орналасқан. Өнер ордасы 1969 жылдың 18 қаңтарында шымылдығын қазақ әдебиетінің классигі Бейімбет Майлиннің "Жалбыр" атты музыкалық драмасымен ашты. Елу жылға жуық уақыт ішінде театр ұжымы екі жүзге жуық қойылымды сахналап, миллиондаған көрерменмен жүздесті.
Театрда қандай танымал әртістер жұмыс істеді
Театр тарихында рухани із қалдырған Виктор Мингалев басқарған бишілер тобын көрермен қауым ерекше мақтан тұтты. Жетісай театрының музыкалық театр болып қалыптасуына зор үлес қосқан дирижер, домбырашы Бөрі Иса, Владимир Тен мен Болат Айдыновтар көп еңбек сіңірді.
Тағы оқыңыз: Алматыдағы мемлекеттік қуыршақ театры
Мұнымен қатар, әр кезеңдерде Роот, Қойшыбаев, Байдарбеков, Сраилов театрдың бас суретшілік міндеттерін мойнына алды. Олар сахна суреттерін салуда өзінің бедерлі бояу нақыштарын тарихқа әрқалай таңбалады.
Тасболат Бәйімбетов ұзақ жылдар бойы директорлық қызмет атқарып, бас режиссердің әрбір бастамасына дем беріп отырды. Театр сахнасында Құрманбек Жандарбеков, Байғали Досымжанов, Бақыт Нұрпейісов, Райымбек Сейтмет, Қадыр Жетпісбаев, Әскер Құлданов, Ерғали Оразымбетов, Арынов сынды режиссерлер әртүрлі жанрдағы туындыларды сахналады.
Тағы оқыңыз: Ілияс Омаров атындағы театр туралы қызықты деректер
Бұдан өзге Жетісай театрының сахнасында өзіндік қолтаңбасын қалдырған режиссер Тұрғанбек Әшімов толыққанды туындылардың дүниеге келуіне көп күш салды.
Өнер ордасының репертуары
Театр репертуарындағы "Бұлбұлдар түні", "Ана дауысы", "Қаладан келген қылжақбас", Махаббатқа табынған фараон" секілді қойылымдар сыншылар тарапынан жоғары бағаға ие болды. Алматы театр институтының түлегі Сәлима Тасеменова да сәтті қойылымдарына осы өнер ордасында жан бітірді.
"Малиновкадағы той", "Сүймегенге сүйкенге" сынды туындылар көрермен қауымды күлкіге қарық қылып, нағыз көңілді сәттерді еске түсірді.
Рабиға Бейсебаева, Ұлбосын Базарбаева, Кәрімбек Сейтметов, Райгүл Маңжігітова, Нышан Тілеубергенов, Айғанша Серікбаева, Бәтима Сүлейменова, Мәрияш Жұмаділдаева, Айгүл Раметова, Әлімбек Сапаров, Ұлжалғас Дәрменшина, Құрман Жолшыбеков, Бекен Балабаева, Жақсылық Тастеміров пен Орынгүл Қалыбековалар әртүрлі кезеңде театрдың ауыр жүгін арқалай білді.
Тағы оқыңыз: Маңғыстау облыстық қуыршақтар театры қалай құрылды
Театр негізінен Мырзашөл өңірін жайлаған жұртшылыққа өнер көрсетіп жүр.