17 наурызда не болғаныy білесіз бе?
Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik дерекқорынан оқыңыз.
17 наурызда қандай қызықты оқиғалар болды
Бүгін Ирландия қамқоршысы – әулие Патрикті еске алу күні (St. Patrick's Day). Әулие Патрик күні Дублинде, Нью-Йоркте, Токиода, Сеулде, Буэнос-Айресте,Сиднейде және Мәскеуде наурыздың 17-сі күні аталып өтеді. Көптеген қалада мыңдаған адамның қатысуымен ән мен би шеруі ұйымдастырылады. Ирландияда христиан дінінің қабылдануын білдіретін мереке католик әулиесі Патрикке арналған. Мейрамның басты символы – беде өсімдігінің үш қатпарлы жапырағы.
Ирландиялықтар бүл күнді осыдан мың жыл бұрын атап өте бастаған. Ол кезде бұл қарапайым халықтық мереке болған. Ал литургиялық күнтізбеге XVII ғасырдың басында енгізілді. 3 ғасырдан кейін Әулие Патрик күні Ирландияда ресми демалыс ретінде жарияланды. Епископ тек Ирландия ғана емес, Нигерияда да қамқоршы саналады. Өйткені христиан уағызшылары Замартас аралы арқылы Африканың бұл еліне де барған болатын.
Православ бағытын ұстанушылар да бұл әулиені Патрикий есімімен атап құрметтейді. 2017 жылы орыс православ шіркеуі оны әулиелер есімдерінің күнтізбесіне енгізді. Алайда еске алу күні Юлиан күнтізбесі бойынша наурыздың 30-на келіп тұр.
Cонымен қатар бүгін халыққа тұрмыстық қызмет көрсету және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы қызметкерлерінің кәсіби мейрамы. Мерекені қызметтері тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласымен байланысты мамандар атап өтеді. Бұл сала қызметкерлерінің кәсіби біліктілігі мен жауапкершілігі аса маңызды.
Мамандар тұрғындардың баспаналарында газ, су мен жарықтың болуын үнемі қадағалайды. Саябақтар, көшелер, жолдар мен аулалардың әсемдігі мен тазалығын сақтайды. Ал сауда және тұрмыстық қызмет көрсету саласының қызметкерлері ел экономикасын дамытуға үлес қосуда. Қызмет тізімін кеңейтіп, сапасын жақсартуға сеп болып келеді. Олар кәсіби мереке күні басшылық пен әріптестерінен құттықтау мен сыйлық қабылдайды.
Таиландта Муай тайдың ұлттық күні аталып өтеді (бұл мереке Тай боксының ұлттық күні, Муай тай ұлттық боксы күні деп те айтылады). Тай боксы (муай тай) – Таиландтың жекпе-жегі. Ол ежелгі тай жекпе-жегі - муай бораннан қалыптасқан. Таиландтағы ең танымал спорт түріне арналған мейрам әйгілі муай тай шебері Най Кхам Томның құрметіне белгіленді.
17 наурызда әлемде болған тарихи оқиғалар
624 жылы Бадырдағы шайқас ретінде белгілі мұсылмандар мен құрайыштар арасындағы алғашқы ірі қақтығыс болды;
1861 жылы Италия корольдігі жарияланды;
1898 жылы классикаға айналған неаполитандық "O Sole Mio!" әні шықты;
1959 жылы америкалық SSN-578 "Skate" сүңгуір қайығы мұз қабатын тесіп, Солтүстік полюсте қалқып шықты.
17 наурызда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар
1990 жылы Алматыда корейлердің құрылтай съезі өтіп, Қазақстандағы корей мәдени орталықтарының республикалық қауымдастығы құрылды;
1995 жылы Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы құрылды;
2005 жылы Қазақстан президентінің жарлығымен "2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында ғарыш қызметін дамыту" мемлекеттік бағдарламасына сәйкес "Қазғарыш" Ұлттық компаниясы" АҚ құрылды;
2003 жылы Қазақстанда макулатура жинаумен айналысатын компания ашылды.
17 наурызда әлемде туған танымал тұлғалар
1908 жылы орыс және кеңес прозашысы, киносценарист, журналист, әскери тілші Борис Полевой дүниеге келді. Социалистік еңбек ері. Халықаралық бейбітшілік сыйлығының лауреаты (1959);
1928 жылы британдық театр және кино актрисасы, әнші Юнис Гейсон дүниеге келді. Ол Бондтың сүйіктісін сомдаған тұңғыш актриса;
1938 жылы кеңес, британ және француз балетмейстері, балет әртісі Рудольф Нуриев дүниеге келді. XX ғасырдағы ең танымал бишілердің бірі.
17 наурызда Қазақстанда кім дүниеге келді
1921 жылы Дариға Тіналина өмірге келді. Қазақтан шыққан тұңғыш кәсіби кинорежиссер, КСРО кинематографиясының үздігі, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері;
1931 жылы медицина ғылымдарының докторы, профессор, академик Бауэр Алтынбеков дүниеге келді;
1938 жылы филология ғылымдарының докторы, профессор, академик, Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі Мырзатай Серғалиев өмірге келді.
Ай күнтізбесі
Ай Арыстан белгісінде орналасады. Бұл күні сіз өте нәзік, сезімтал бола түсесіз. Өзіңіз бен айналадағы адамдардың көңіл-күйін түсірмес үшін бұл күнді жалғыз өткізген жөн. Сүйікті ісіңізбен айналысыңыз, күнделікті қарбаластан тынығыңыз.