АЛМАТЫ, 15 наурыз — Sputnik. Жаңа Зеландияның екі қаласындағы мешіттерде белгісіз біреулер оқ жаудырып, отызға тарта адам көз жұмды.
Қанды қырғынға куә болған адамдардың айтуынша, шлем, көзілдірік және әскери күрте киген адам Линвуд қала маңындағы үш жүзден астам адам құлшылық жасап жатқан мешітке кіріп келіп, алдын ала болжам бойынша, автоматтан оқ жаудырған. Сонымен бірге куәгерлер қаскүнем оқиға орнында онлайн-трансляция жүргізгенін атап өтті.
New Zealand Herald газетінің хабарлауынша, оқ атқан Австралия азаматы көрінеді.
Полицияның мәліметінше, шабуылды ұйымдастырды және қатысты деген күдікпен бір адам ұсталған.
Жаңазеландиялық телеарналар тағы бір мешіт пен ауруханада атыс болғанын хабарлады, дегенмен әзірге оқиғаға қатысты толық мәлімет жоқ.
Жаңа Зеландия премьер-министрі Джасинда Ардерн терактіні ел тарихындағы ең қаралы күндердің бірі деп атады.