Оқиға

Астанадағы ғимараттардың бірінде жарылыс болды: зардап шеккендер бар - фото

Жазылу
Газ баллонының жарылуы салдарынан бірінші және екінші қабаттардың арасы опырылып түскен

АСТАНА, 15 наурыз — Sputnik. Астанада газ баллонының жарылуы салдарынан, бастапқы деректер бойынша, үш адам зардап шекті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап.

© Photo : КЧС МВД РКАстанада Алаш жолының бойындағы ғимараттардың бірінде жарылыс болды
Астанада Алаш жолының бойындағы ғимараттардың бірінде жарылыс болды - Sputnik Қазақстан
1/4
Астанада Алаш жолының бойындағы ғимараттардың бірінде жарылыс болды
© Photo : Официальный аккаунт пресс-службы ДЧС Астаны в соцсетяхАстанада Алаш жолының бойындағы ғимараттардың бірінде жарылыс болды

2/4

3/4

© Photo : пресс-служба акима АстаныАстанада Алаш жолының бойындағы ғимараттардың бірінде жарылыс болды
Астанада Алаш жолының бойындағы ғимараттардың бірінде жарылыс болды - Sputnik Қазақстан
4/4
Астанада Алаш жолының бойындағы ғимараттардың бірінде жарылыс болды
1/4
Астанада Алаш жолының бойындағы ғимараттардың бірінде жарылыс болды
2/4
Астанада Алаш жолының бойындағы ғимараттардың бірінде жарылыс болды
3/4
Астанада Алаш жолының бойындағы ғимараттардың бірінде жарылыс болды
4/4
Астанада Алаш жолының бойындағы ғимараттардың бірінде жарылыс болды

Жарылыс туралы хабар төтенше жағдайлар департаментіне жұма күні сағат 17.06-да жеткен. Алаш жолындағы "МолПродуктсервис" компаниясының екі қабатты ғимараттында газ баллон жарылыпты.

"Үш адам зардап шекті, олар ауруханаға жеткізілген", - делінген хабарламада.

Өрт сөндірушілердің алғашқы жасағы оқиға орнына сегіз минутта жетті. Аумағы 300 шаршы метр жерде бірінші және екінші қабаттың арасы опырылып түскен.

Оқиғаның салдарымен күресуге төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамынан 22 адам және 6 арнайы техника жұмылдырылды.

Бұған дейін хабарланғандай, Тараздағы тұрғын үйде болған жарылыс салдарынан қаза тапқандар саны 4-ке жеткен.

Жаңалықтар
0