Экономика

Табыс декларациясы: сенат депутаттары үкіметке асықпауға кеңес берді

© Sputnik / Владислав ВодневАқша
Ақша - Sputnik Қазақстан
Жазылу
2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан азаматтары табыс пен мүлік декларациясын тапсырады

АСТАНА, 14 наурыз – Sputnik. Сенат депутаттары жалпыға бірдей декларацияға кезең-кезеңмен көшуді ұсынып отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Калькулятор, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Экономика
"Таксистер де тапқан ақшасына есеп береді" Табыс декларациясы туралы не білу керек?

Сенат депутаты Дәурен Әділбеков премьер-министр Асқар Маминнің атына жалпыға бірдей декларацияға көшу мәселесіне қатысты депутаттық сауал жолдады.

Депутат жалпыға бірдей декларация азаматтардың табысын тиімді бақылау жүйесін құру, көлеңкелі экономика мен сыбайлас жемқорлықпен күрес, бюджетке салық пен міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз етуде мемлекеттің рөлін күшейту үшін қажет екенін атап өтті.

"Алайда ұйымдастырушылық және техникалық сипатта шешілмеген мәселелер барын ескерсек, үкіметтің жалпыға бірдей декларацияға көшуге дайындығы туралы мәселе туындайды", - деді Әділбеков сенаттың жалпы отырысында.

Осы орайда сенатор бірқатар мәселені атап көрсетті. Оның айтуынша, 2020 жылдың 1 қаңтарында кең жолақты интернетке қол жетімділік деңгейі 80 процентке дейін жеткізілмек, ал 2023 жылға қарай – 83 процентке дейін. Әділбековтің пікірінше, бұл азаматтардың барлық санатынан мәліметтер алуды қамтамасыз етпейді.

"Екінші, заңнамада жеңілдікті арнайы салық режимі, бірыңғай жиынтық төлемінің болуы шынайы табыс пен шығындарды анықтауға мүмкіндік бермейді. Бұған қоса, аталған режимдердің қолданысы капиталды үшінші тұлғалардың заңдастыруына әкеп соғады", - деп алаңдаушылық білдірді сенатор.

Үшінші мәселе ретінде депутат мүлік, жер учаскесі, көлік бойынша деректер базасын біріктіру жұмысының аяқталмағаны мен Қазақстан азаматтарының шетелде активтерінің бар-жоғы туралы мәліметтер базасының жоқтығын атап көрсетті.

Жалпыға бірдей декларация: Қазақстан халқы тойдан түскен ақша туралы да есеп береді

"Тағы бір проблема – мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелері бір уақытта 13 миллион декларанттан декларация қабылдап, оны өңдеуге дайын емес. Сондықтан осы айтылғандарды ескере отырып, Қазақстан азаматтарының табысы мен мүлігін жалпыға бірдей декларациялауға кезең-кезеңмен көшу мәселесін қарауды ұсынамыз", - деп түйіндеді Әділбеков.

Жаңалықтар
0