Оқиға

"Қыз қорқып тұр екен" Қарағандыда жер үйдегі трагедияға көршілер куә болған 

© Photo : pixabay.comДевочка с цветами в волосах, иллюстративное фото
Девочка с цветами в волосах, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
45 жастағы ер адам оттың ортасынан шыға алмай жанып кетті

АСТАНА, 14 наурыз – Sputnik. Қарағандыда жер үйден өрт шығып, баспана қожайыны оттан шыға алмай жанып кетті. Ал үйде қалған 7 жасар қызды қызыл жалыннан көршісі алып шығып үлгерген.

Жанып жатқан автокөлік - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Атырауда ер адам жүріп бара жатқан көлікте тірідей өртеніп кетті
Түс ауа лап еткен от лезде үйдің аузы-мұрнынан шыққан. Өрт сөндірушілер келгенде баспананың шатыры опырылып ішіне түсіпті. Құтарушылар тілсіз жаумен бір сағаттан аса алысқан. Өрт әбден сөндіріліп біткенде ғана үй ішінен 45 жастағы ер адамның денесі табылыпты. Мамандар апат пеш жағуда өрт қауіпсіздігінің сақтаулмауынан болуы мүмкін деп отыр.

Көршілерінің айтуынша, баспанада марқұммен бірге оның қарындасы кішкентай қызымен тұрған. Бүлдіршінді көршісі құтқарып қалды, деп хабарлады КТК.

"Кішкентай қыз үйге кіреберісте екінші қабаттағы сатыда тұр екен. Түсуге қорқып тұр. Астында от жанып жатты. Қызды көтеріп үйге апарып тастап, қайтып келдім. Екінші рет кіргенде ешкімді таба алмадым", - дейді Қарағанды қаласының тұрғыны Сайран Ілгебаев

Жаңалықтар
0