Қоғам

Маммолог-дәрігер: Баланы ұзақ емізетін ана омырау обырына шалдығуы мүмкін

CC0 / / Ана мен бала
Ана мен бала - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Дәрігер 6-7 жасқа келгенше баласын емізе беретін әйелдердің қандай қауіпке бас тігетінін айтты

АЛМАТЫ, 14 наурыз – Sputnik. Ел арасында "Көбірек емізсе, баланың иммунитеті жақсы болады, оның үстіне ананың омырауына да ешқандай дерт жоламайды" деген пікір қалыптасқан. Мұны әйелдердегі омырау обыры тақырыбында өткен баспасөз мәслихатында маммолог Мұратжан Сақтағанов жоққа шығарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Баланы неше жасқа дейін емізу керек

Маманның пікірінше, сәбиді 1-1,5 жасқа дейін емізу жеткілікті, себебі бұл уақытта баланың иммунитеті қалыптасады. Түрлі табиғи дәрумендер ана сүті арқылы балаға беріледі.

Лекарственные препараты и градусник для измерения температуры - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Қазақ дәрігері халық жиі тұтынатын дәрілер жайлы сұмдықты жайып салды

"Ал одан асып жатқан жағдайды біз еркелік деп қабылдаймыз. Ол кезде ана сүтінің құнары да, балаға пайдасы да төмендейді. Керісінше, ұзақ емізу омырауда обырдың пайда болуына әкеліп соғуы әбден мүмкін", - дейді маммолог-маман.

Баланы бесікке бөлеу зиян ба?

Дәрігердің айтуынша, омыраудың сүт шығатын жолдары дер кезінде жабылмағандықтан, артық еттер пайда бола бастайды. Олардың аденомаға айналу қаупі жоғары.

Қазақстандағы омырау обырының деңгейі

Мамандар Қазақстанда омырау обырына шалдығушылардың саны жылдан жылға артып бара жатқанын айтып, дабыл қағуда. Елімізде омырау обырынан күніне 4 әйел көз жұмады екен.

Сәби мен анасы құшақтасып тұр - Sputnik Қазақстан
Қоғам
"12 жасқа дейін емізген". Маман сәбиді емшектен қалай дұрыс шығару керектігін айтты

Өткен жылы 4648 әйел осы қатерлі дертке шалдыққан. Бұл - күніне 13 әйелде омырау обыры пайда болады деген сөз.

"Тегін скрининг өткізіп, түрлі қолдау шараларын жасап жатқанымызға қарамастан, бұл дерттің өсімін тоқтата алмай жатырмыз. Алайда бұл тегін іс-шаралар ауруды бастапқы кезеңде анықтауға сеп болды. Адам өлімі көрсеткішін қысқартуға мүмкіндік берді", - дейді ҚР ДСМ Онкология және радиология Қазақ ғылыми-зерттеу институты басқармасының басшысы Диляра Қайдарова.

Екі рет қайнаған су қатерлі ісікке шалдықтырады - ғалымдар

Дәрігердің айтуынша, мұндай көрсеткіш әр әйелдің өздігінен дәрігерге қаралуына әсер етуі керек. Алайда мамандар қанша тырысса да, әйелдер арасындағы бұл бейқамдықты сейілте алмай отыр.

Мұғалімдер арасында жүргізілген зерттеу

Баспасөз мәслихатында "Сенің қалтаңдағы қызғылт лента" жобасының қорытындысы да жарияланды. Өткен жылдың 29 қазаны мен 4 қарашасы аралығында Алматы қаласында өткізілген скринингтің нәтижесі көрсетілді. Оған негізінен Наурызбай батыр және Түркісіб сынды шалғай аудандар таңдалып алынған. Барлығы 34 мектеп қамтылды.

"Мұғалімдер – жұмысбасты мамандардың бірі. Олардың дер уақытында дәрігерлік тексеруден өтулері қиын екенін біліп, осындай шешім қабылданды. Түркісіб ауданында 742 әйел, Наурызбай ауданында 689 әйел тексеруден өтті", - дейді жоба маманы Маргарита Самойлова.

Оның айтуынша, тексеріс кезінде 255 әйелден фиброзды-кисталық мастопатия, 28-нен аса қауіпті ісік анықталған. Екі жас әйел сүт безінің обырына шалдыққан. Олардың бәрі тегін диагностикадан өтуге және ем алуға жіберілді.

Еркектер де омырау обырына шалдығады

Маммолог Сақтағановтың айтуынша, спортпен шұғылданып жүріп, гармоналды дәріні қоса қабылдайтын ер азаматтар омырау обырына шалдығуы мүмкін.

Дәрігер - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Дәрігер қатерлі ісіктің негізгі жеті белгісін атады

"Алматыда жылына бір-екі еркектен омырау обыры анықталады. Әрине, аз көрсеткіш. Бірақ мұндай жағдай кездеседі. Оның екі себебі бар: әуелгісі - гармоналды дәріні көп қабылдау, екіншісі - ер адамда созылмалы простата аденомасының болуы",-дейді дәрігер.

Қатерлі ісіктің дамуын төрт есе арттыратын факторлар

Айта кетсек, "Сенің қалаңдағы қызғылт лента" жобасы бойынша Қазақстанның барлық өңіріндегі әйелдер тегін тексеруден өтуде. Мәселен, жоба аясында тегін тексеру кезінде астаналық 26 әйелдің фиброзды-кисталық ауруға, сегізінің қатерлі ісікке және біреуінің омырау обырына шалдыққаны анықталған. Қарағандылық 10 әйел фиброзды-кисталық ауруға, үшеуі қатерлі ісікке және бір әйел омырау обырына шалдыққан. Петропавлда 20 фиброзды-кисталық ауру, 10 қатерлі ісік, 1 омырау обыры анықталды.

Жаңалықтар
0