Мәдениет

Димаштың кісілігіне қайран қалдым – Данэлия Төлешова

© Sputnik / Тимур БатыршинДанэлия Төлешова
Данэлия Төлешова - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Данэлия Төлешованың пікірінше, Димаш әртістің өміріндегі ең басты нәрсе шығармашылық екенін дәлелдеді

АСТАНА, 14 наурыз – Sputnik. Қазақстандық әнші Данэлия Төлешова The World's Best шоуында жастарға жол беруге шешім қабылдаған Димаш Құдайбергеннің әрекетіне баға берді.

Димаш Кудайберген во время выступления на шоу The World's Best - Sputnik Қазақстан
Мәдениет
"Біз 1-орындамыз" Димаш The World's Best финалы алдындағы нәтижені жариялады
"The World’s Best шоуы да аяқталды. Димаштың кісілігіне қайран қалдым, бүкіл әлем оның нағыз ер жігітке тән шынайы әрекетіне лайықты бағасын береді деп үміттенемін! Сіз әртістің өміріндегі ең басты нәрсе шығармашылық екенін дәлелдедіңіз. Сахнаға және тыңдармандарыңа деген махаббатыңды еш нәрсеге айырбастай алмайсың. Шындығы сол. Сіздің Кремлдегі концертіңіздегі біздің кездесуімізді асыға күтемін! Мен үшін бұл шоу – менің өмірімдегі тағы бір кезең. Көп нәрсе үйрендім, көн нәрсені түсіндім. Ғажайып пианиношы Лидиана Надхасвараманы құттықтаймын", - деп жазды ол Instagram-да.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Daneliya Tuleshova (@tuleshova_daneliya)

 Димаш балалармен сайысқа түскісі келмегендіктен жобадан өз еркімен кетті, ал Данэлия финалға өте алмады. Ол What About Us әнін орындады.

Димаш Америка халқын аузына қаратты 

Жаңалықтар
0