Қоғам

"Сақалға бола сектаға қоспа" Балғынбек Имашев сырын айтам деп шынын айтты - видео

© Sputnik / Болат ШайхиновБалғынбек Имашев
Балғынбек Имашев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Балғынбек Имашев Жүрсін Ерманға бір топ айтыскердің өкпесін жеткізді

АЛМАТЫ, 14 наурыз – Sputnik. Белгілі айтыскер Балғынбек Имашевтің әріптесі Айнұр Тұрсынбаеваның шығармашылық кешіндегі айтысы әлеуметтік желіде тарап, қызу талқыға түсіп жатыр.

Видеода Балғынбек Имашев өлең жолдарын бүгінде хитке айналған "из 90" әніне салып айтады.

"...Жүрсіннен бөлінді топ бала, Ішінде Айнұр бар, опана. Одақтан мені, Шығарып таста, жаланы Жүкең жабады босқа. Сақалға бола сектаға қоспа. Біз ханафимыз из девяноста!", - деп өлеңдетті ол.

Негізі бұл шығармашылық кешінде жылан сыйлағаны үшін өзіне ренжіген Айнұрға Балғынбектің берген жауабы екен.

"Жыланнан қорықпа, денеңді бос ұста, сыйлықты саған, бермедім босқа. Айнұрды мәңгі, баладым досқа. Бұл менің кобрам, из девяноста!",- деп бастаған өлеңін Балғынбек ары қарай сарказммен жалғастырады.

Оның пікірінше, айтыста жүрген көп ақын қазір қатты өзгерген.

"...Ол кезде Мэлс Оралдан еді, Дәулеткерейлер оралман еді, Айтыстың сәні Ақмарал менен Кәрима апам, Оралбай еді. Аманжолдарда мақам боп еді, Мұхаммеджанда сақал жоқ еді, Бекарыс киллер аттанған еді, ал Серікзатта атақ жоқ еді", - деп жырлайды ақын.

Айта кетсек, Айнұр Тұрсынбаева жақында сахнада 25 жыл толуына орай шығармашылық кешін өткізген болатын. Кешті Балғынбек Имашев пен Сара Тоқтамысова жүргізді.

Жаңалықтар
0