Қоғам

"Жұмысқа зауқы жоқ": бұрынғы министр Бишімбаев жазасын қалай өтеп жатыр - видео

© Sputnik / Болат ШайхиновҚуандық Бишімбаев
Қуандық Бишімбаев  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бірақ экс-министр мәдени шараларға атсалысуға ниет білдірген

АСТАНА, 13 наурыз — Sputnik. Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Шымкент қаласындағы 167\3 қауіпсіздік деңгейі орташа түзету мекемесіне ауыстырылды, деп хабарлайды Астана телеарнасы.

Тоқтар Төлешов - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Терезе сүртіп, еден жуады: "сыра королінің" түрмедегі өмірі қандай - видео

Экс-министрді екінші қабаттағы 14 адамдық бөлмеге орналастырыпты. Жатын орнының аумағы – небәрі екі шаршы метр. Көпшілікпен бірге отырып үш мезгіл ас ішеді.

Түрме басшыларының сөзіне сүйенсек, Қуандық Бишімбаев түзету мекемесіне 15 ақпанда келген. Әзірге қара жұмысқа араласа қоймапты, дегенмен мәдени шараларға қатысуға кет әрі емес көрінеді.

Бишімбаев бостандыққа шығуы мүмкін бе?

Телеарнаның жазуынша, экс-министр сұхбат беруге, видео немесе фотоға түсуге келісімін бермеген.

"Басқа да сотталғандармен бірге № 2 жасаққа орналастырдық. Қазір оған ешқандай ерекше көзқарас, ерекше жағдай жасалып жатқан жоқ. Тәртіп бәріне бір. Сонымен қоса айтарымыз, ол бүкіл заңды талапты атқарып жатыр. Тәртіп бұзған емес. Сотталған Бишімбаев осы күнге дейін жұмысқа орналасуға ниет білдірмеді, бірақ мекеменің мәдени іс-шараларына қатысуға ниет білдіріп, өтініш жасады", - деді түзету мекемесінің бастығы Бағдат Әсілбеков.

Бишімбаев бұған дейін Түркістан облысы Төле би ауданындағы қауіпсіздік деңгейі барынша жоғары түзету мекемесінде жазасын өтеп жүрген болатын. Сол кезде қорғаушысы жазаның өтеу тәртібін жеңілдетуді сұрап, сотқа талап-арыз түсірген еді. Экс-министрді қоныс колониясына ауыстыруды сұрағанымен, сот адвокаттың арызын жартылай ғана қанағаттандырды.

Еске сала кетсек, былтыр наурызда Қуандық Бишімбаев пара алып, қаржы қымқырғаны үшін он жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен бірге мемлекеттік қызметте басшылық лауазымды иеленуіне өмір бойына тыйым салынған.

Қуандық Бишімбаев халықтан кешірім сұрады

Жаңалықтар
0