Қоғам

"Оның оралмайтынын білмедік". Депутат қазақ сарбазының ерлігін еске алды

© Дәурен ЕрболатовМәжіліс депутаты Абай Тасболатов қазақ сарбазының ерлігін баяндады
Мәжіліс депутаты Абай Тасболатов қазақ сарбазының ерлігін баяндады - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ұлттық музейде "Ирак ашық аспан астында: қазақстандық және польшалық бітімгерлік әскерлері" халықаралық көшпелі фотокөрмесі ұйымдастырылды

АСТАНА, 13 наурыз – Sputnik. Елордада Ирак жерін минадан тазалап, лаңкестік шабуылдардан зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсеткен Қазақстан мен Польша бітімгершілік жауынгерлерінің ерлігін бейнелейтін суреттер көрмеге қойылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Полиция қызметкері Азамат Балтабаев - Sputnik Қазақстан
"Ондай сәтте ештеңе ойламайсың". Үш мәрте ерлік жасаған жас полицей нені армандайды?
Фото көрмені Қайрат Құдабаев атындағы қоғамдық қор мен Польшаның Қазақстандағы қорғаныс істері жөніндегі атташесі ұйымдастырды.

Аталған қоғамдық қордың директоры Мира Құдабаева шараны ұйымдастырудың негізгі себебін түсіндірді.

"2005 жылдың 9 қаңтарында Ирактағы Васиб провинциясында 29 жастағы бауырым капитан Қайрат Құдабаев ерлікпен қаза тапты. Кейін әскердегі жолдастары маған оның күнделігі мен 3 дискетаны берді. Оның ішінде бауырым түсірген фотолар болды. Көрмені ұйымдастыру туралы ой осыдан бірнеше жыл  бұрын келген. Бірақ жан жарасының жазылуына уақыт қажет болды. Енді міне халықаралық көрмені ұйымдастырып отырмыз", - деді ол.

Сонымен қатар ол бүгінгі фотокөрмеге 50 сурет қойылғанын атап өтті.

© Дәурен ЕрболатовКапитан Қайрат Құдабаев Иракта ерлікпен қаза тапты
Оның оралмайтынын білмедік. Депутат қазақ сарбазының ерлігін еске алды - Sputnik Қазақстан
Капитан Қайрат Құдабаев Иракта ерлікпен қаза тапты

"Мұнда Иракта көпұлтты бітімгершілік батальонындағы Қазақстан мен Польша бітімгер әскерлерінің фотолары қойылды. Олар Ирак жерін минадан тазалап, лаңкестік шабуылдардан зардап шеккен тұрғындарға медициналық қызмет көрсетті. Ирак тұрғындарын таза ауыз сумен қамтамасыз етуге көмектесті. Сондықтан көрмеге 300 суреттің 50-ін іріктеп алдық", - деді Мира Құдабаева.

Оның айтуынша, Польшаның Қазақстандағы қорғаныс істері жөніндегі атташесі Петр Вуйтовичтің және польшалық дипломанттардың көмегімен фотолардың техникалық сапасын сақтап қалуға мүмкіндік туған.

© Дәурен Ерболатов Қайрат Құдабаевтың әскердегі жолдастарымен бірге түскен суреті
Оның оралмайтынын білмедік. Депутат қазақ сарбазының ерлігін еске алды - Sputnik Қазақстан
Қайрат Құдабаевтың әскердегі жолдастарымен бірге түскен суреті

Сонымен қатар Иракта қаза тапқан жауынгердің әпкесі халықаралық көшпелі фотокөрме 29 мамырда Варшавада кейін Гданьск қаласындағы музейде ұйымдастырылатынын атап өтті.

Сондай-ақ шараға бұрынғы қорғаныс министрінің орынбасары, қазіргі мәжіліс депутаты Абай Тасболатов та қатысты.

Битва за Берлин көркем фильмінен үзінді - Sputnik Қазақстан
Рақымжан Қошқарбаевтың қызы: әкем ерлік жасадым деп санамайтын
"Бүгінгі шараға капитан Қайрат Құдабаевтың әкесі мен шешесі, туған қызы Мәдина қатысып отыр. Кезінде қорғаныс министрінің орынбасары болдым.

Министрлікті Мұхтар Алтынбаев басқарды. Қайратымыздан айырылып қалдық. Ол батыр еді. Бізге де оңай болған жоқ. Мәдинаға не айтамыз? Тек бақытты болсын. Қайраттың көрмеген жақсылығын қызы көрсін. Әскери міндетін орындауға жіберген кезде оның оралмайтынын білген жоқпыз", - деді ол.

Сонымен қатар Мира Құдабаева аталған көрмеге бауырының 3 фотосы қойылғанын айтты.

Халықаралық фотокөрме жұмысын аяқтаған соң, бүкіл сурет Қазақстан қарулы күштерінің әскери-тарихи музейіне беріледі.

Ирактағы әскері борышын өтеу кезінде көпұлтты батальон құрамында польшалық 22 әскер қаза тапқан.

© Дәурен ЕрболатовҚазақстан бітімгершілік жауынгерлері Ирак жерін қауіпті снарядтардан тазалады
Оның оралмайтынын білмедік. Депутат қазақ сарбазының ерлігін еске алды - Sputnik Қазақстан
Қазақстан бітімгершілік жауынгерлері Ирак жерін қауіпті снарядтардан тазалады

Айта кетейік, Ирактағы миссияға "Қазбат" бітімгершілік батальонындағы инженерлік-саперлік отрядымен 290 қазақстандық сарбаз қатысқан. Ондағы миссия басталғалы қазақ сарбаздары 4 миллион жарылу қаупі бар заттың көзін жойып, 6 718 текше метр суды тазалаған.

Сондай-ақ олар Ирак әскери академиясының 572 курсантын минаны залалсыздандыруға үйреткен. Ал әскери дәрігерлер әйелдер мен балаларға, әрі лаңкестік шабуылдардан зардап шеккендерге көмек көрсеткен.

 

Жаңалықтар
0