АСТАНА, 12 наурыз – Sputnik. Қазақстан үкіметінде бірқатар кадрлық өзгеріс жасалды. Бұл туралы премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
"ҚР үкіметінің қаулысымен Әсет Арманұлы Ирғалиев ұлттық экономика вице-министрі лауазымынан босатылып, премьер-министрдің өкімімен ҚР премьер-министрі кеңсесі басшысының орынбасары қызметіне тағайындалды", - деп жазылған хабарламада.
Ал Арман Евниев берген өтінішіне сәйкес ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі лауазымынан босатылды. Сонымен қатар Берік Бейсенғалиев ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметінен кетті.
Бұған дейін экс-министр Мәдина Әбілқасымова ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалғанын хабарлаған едік.