Видео

Фируза Шәріповаға басқа елдің намысын қорғау үшін 1 миллион доллар ұсынылды - видео

Жазылу
Жеңіл салмақта WBU бойынша және екінші жартылай жеңіл салмақта IBO бойынша әлем чемпионы Фируза Шәріповаға басқа елдердің атынан жарысқа қатысу туралы ұсыныстар түсіп жатыр

Қазақстандық әлем чемпионы Фируза Шәріпова бокс – әйелдерге жат спорт деген ұғымды түп-тамырымен жоюды жалғастырып келеді.

"Өмірімізге еш зияны жоқ, бәрі адамға байланысты. Залда сен спортшысың. Залдан тыс қарапайым адамсың. Мен де басқа қыздар сияқты көйлек киемін, опа-далап жағамын, тамақ пісіре аламын", - дейді ол.

Фируза Шәріпова мен Анна Седокова Головкинді қалай таңғалдырмақ?

Шәріпованың менеджері Сергей Завилейский атап өткендей, қазақстандық қызға басқа елдің намысын қорғау туралы ұсыныстар жиі түседі.

"Әуелі бұрынғы Кеңес Одағының бір елінен ұсыныс болды, өткен аптада Азия елдерінің бірі Фируза сол мемлекеттің атынан жарыстарға қатысу үшін бір миллион доллар төлеуге ұсыныс жасады", - дейді ол.

Фируза Шәріпованың қалай жаттығатынын видеодан тамашалаңыз.

Фируза Шәріпова өз портретін қымбат бағаға сатып алды

Жаңалықтар
0