Спорт

Ресейлік қазақ қарсыласын 100 секунд ішінде нокаутқа жіберді – видео

© Sputnik / Дархан МусинЛоготип Sputnik в октагоне
Логотип Sputnik в октагоне - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ілияс Хамзин кәсіпқой карьерасындағы екінші жеңісіне қол жеткізді

АСТАНА, 12 наурыз – Sputnik. Ресейдің намысын қорғайтын этникалық қазақ Ілияс Хамзин ММА-дағы үшінші жекпе-жегін өткізді.

Ол Екатеринбургте (Ресей) өткен аралас жекпе-жектен RCC Intro 3 турниріне қатысты. Оған жергілікті спортшы Олег Найденов (1-1) қарсылас болды. Жекпе-жек жылдам аяқталды – Хамзин 100 секунд ішінде қарсыласын нокаутқа түсірді. Ол сол аяғымен Найденовтың бауырынан теуіп, соққының астына алып еді, төреші араласып, жекпе-жекті тоқтатты. Осылайша қазақ техникалық нокаутпен жеңіске жетті.  

Хамзин кәсіпқой карьерасындағы екінші жеңісіне қол жеткізді, ал Найденов екінші рет жеңіліп отыр, деп хабарлады Sports.kz.

Айта кетейік, Ілияс ММА-дағы алғашқы жекпе-жегін өткен жылдың қыркүйегінде өткізді.  

Жаңалықтар
0