Спорт

Сегіз жасар қазақ баласы Ресейде чемпион атанды

© Photo : Jan Vašek Шахмат
Шахмат  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ақтаулық шахматшы "Жеңіс Кубогын" жеңіп алды

АСТАНА, 11 наурыз – Sputnik. 8 жасар ақтаулық шахматшы Назар Талғатов Ресейде Жеңіс кубогын иеленді, деп хабарлайды lada.kz.

Бибісара Асаубаева - Sputnik Қазақстан
Қоғам
"Шахматшы ханшайымның" ісі: Бибісара Асаубаева толықтай ақталды
Назар Талғатов 11 жасқа дейін санатта чемпион атанған. Жарыс нәтижелерімен "Дебют" шахмат мектебінің жетекшісі Әнуар Шайхымов бөлісті.

Шахмат сайысында Ресейдің түкпір-түкпірінен 200-ден аса ойыншы бақ сынады. Қазақстан атынан "Дебют" шахмат мектебінің екі тәрбиеленушісі ақтаулық Назар Талғатов пен Алан Тасмұханов қана қатысты.

Екінші сынып оқушысы Назар 11 жасқа дейінгі санатта 34 шахматшының арасында барлық қарсыласынан басым түсіп, "Жеңіс Кубогын" иеленді.

Әнуар Шайхымовтың айтуынша, Назар өзінен үлкен шахматшыларға қарағанда әлдеқайда кәсіби деңгейде ойнайды. Бірінші разрядқа ие.

Тағы оқыңыз:Қазақ жігіті әйгілі орыс шахматшысы Карякинді ұтып, айды аспанға шығарды

Сонымен қатар ол рапидтен (жылдам шахмат) Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері, Қырғызстандағы халықаралық чемпионаттың алтын медалін иеленген, "Aktau Chess Open"  халықаралық турнирінің чемпионы.

Тағы бір ақтаулық шахматшы Алан Тасмұханов 13 жасқа дейінгі санатта үздік ондыққа кіріп, жетінші орын алды.

Жаңалықтар
0