АСТАНА, 11 наурыз – Sputnik. Қазақстан мен Ресей ДАИШ террористік тобына қарсы іс-қимыл саласындағы мәселелерді талқылады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров бүгін Алматыда Қазақстан мен Ресей сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары деңгейінде консультациялардың үшінші раунды өткенін хабарлады.
"Онда Қазақстан делегациясын сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев, Ресей тарапын терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі сыртқы істер министрінің орынбасары Олег Сыромолотов басқарды", - деді ол.
Сондай-ақ ресми өкіл кездесу барысында тараптар ДАИШ террористік тобына және басқа да халықаралық террористік ұйымдарға қарсы іс-қимыл мәселесін, әрі контртерроризм мен есірткіге қарсы өзара іс-қимыл және радикалдану саласындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқыға салғанын мәлім етті.