Әлем

Цекало өзінен 30 жас кіші Қазақстаннан шыққан қызға үйленіп алды

CC0 / Noemi / Невеста
Невеста - Sputnik Қазақстан
Жазылу
26 жастағы қызға үйленіп алған Цекало мамыр айында дүркіретіп той жасамақшы

АЛМАТЫ, 11 наурыз – Sputnik. Ресейдің танымал продюсері, шоумен Александр Цекало өзінен 30 жас кіші қызға үйленді. Ал Қазақстанда туған 27 жастағы моделдің әкесі Бақыт бұл некеге үзілді-кесілді қарсы болған.   

Қыдырәлі Болманов пен Қарақат Әбілдина Ұлы дала комедиясы фильмінің премьерасында - Sputnik Қазақстан
Мәдениет
Махаббаттың жасқа қарамайтынын дәлелдеген қазақстандық жұлдыздар
"Олар некесін Беверли-Хиллзде қиды. Қалыңдықтың аты-жөні – Дарина Эрвин. Қазақстаннан шыққан модель қыз. Әкесінің аты – Бақыт. Ал шешесі әкесімен ажырасып, адвокат Асқар Мұхитдиновамен бас қосқан. Кейін отбасы АҚШ-қа көшіп кеткен" деп жазды starhit.ru сайты.

Ресейлік медиа-порталдың дерегінше, қыздың әкесі бұл некеге күйеу баласы өзінен 7 жас үлкен болғандықтан да қарсы шыққан.

"Менің жасым 50-де. Ал Цекало 57-де. Қайдағы махаббат?.. Мен мұндайға сенбеймін. Енді бұл өз таңдауы", - депті ол.

Цекалоның бұл төртінші некесі екен. Өткенде ғана ол 10 жыл отасқан жұбайы – Вера Брежневаның апайы Виктория Галушкамен ажырасқан болатын. Одан бір ұл, бір қызы бар. Цекало  Викторияға Алена Шиферман мен Лолита Милявскаяны тастап барып үйленген еді.

Күйеу жігіт жас қалыңдығынан ақшасын аямайды екен.

"Жақында Лос-Анджелесте Диснейленд паркінде болып қайттық. Жаңажылдық мерекені Италияда атап өттік, оған дейін де бірнеше шет мемлекетке саяхаттадық", - деген Дарина өз сұқбатында.   

 

Жаңалықтар
0