АСТАНА, 11 наурыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Эфиопия Федеративтік Демократиялық Республикасының президенті Сахле-Ворк Зеудеге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорда.
"Осы қаралы сәтте Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан қайғыға ортақтасып, қаза болғандардың туған-туыстары мен жақындарына, сондай-ақ барша Эфиопия халқына көңіл айтамын", - делінген жеделхатта.
Еске сала кетсек, 10 наурызда Аддис-Абебадан Кенияға ұшып бара жатқан Boeing 737 ұшағы Эфиопияның Дэбрэ-Зэйт қаласына жақын маңда апатқа ұшырады. Бортта 157 адам болған, олардың арасында 8 экипаж мүшесі бар. Құлаған ұшақ Ethiopian Airlines әуе компаниясына тиесілі.
Тағы оқыңыз: 157 адам мінген ұшақ апаты: бір жолаушының аман қалғаны белгілі болды
Апат салдарынан 33 елдің азаматтары қаза болды: Кения, Канада, Эфиопия, Ресей, Қытай, АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Үндістан, Словакия, Австрия, Швеция, Марокко, Испания, Польша, Израиль және тағы басқалары. Қазақстанның сыртқы істер министрлігі ұшақ бортында қазақстандықтардың болмағанын хабарлады.