АСТАНА, 10 наурыз — Sputnik. Ресейдің Владимир қаласында құймақ жеуден жарысқа қатысқан адам көз жұмды, деп хабарлайды РИА Новости Тергеу комитетінің жергілікті басқармасына сілтеме жасап.
Оқиға қаладағы "Масленица" мерекесін тойлау алаңдарының бірінде болған.
"Ер адам сайысқа қатысып, жеңімпаз атанған. Бір шетке шығып, кенет өзін нашар сезінді де, құлап түсті. Жедел жәрдем оның қайтыс болғанын хабарлады", — деді тергеу комиетінің өкілі.
Қаза тапқан ер адам құймаққа қақалып қалды ма, әлде өліміне басқа бір жайт себеп болды ма – әлі белгісіз. Құқық қорғау органдары сараптама нәтижесін күтіп отыр.