Мәдениет

Димаш Кремльдегі ән кеші алдында тыңдармандарына үндеу жасады

© Sputnik / Владислав ВодневДимаш Құдайберген
Димаш Құдайберген - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Танымал әнші миллиондаған табынушыларынан "Аққуым" әнін жаттап алуды сұрайды

АСТАНА, 10 наурыз — Sputnik. Әлемге әйгілі қазақ әншісі Димаш Құдайберген тыңдармандарын Мәскеудегі концертінде бірге ән шырқауға шақырып, үндеу жасады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Димаш ҚҰДАЙБЕРГЕН (@kudaibergenov.dimash)

Жұма күні 8 наурызда жас орындаушының "Аққуым" әніне бейнебаяны YouTube желісінде жарияланған болатын. Музыкалық видеоны бір тәулік ішінде 250 мыңнан астам адам көріп, 20 мың лайк қойды.

Новый клип Димаша - видео - Sputnik Қазақстан
Видео
Димаш Құдайбергеннің жаңа бейнебаяны шықты - видео

Көптеген желі қолданушысы Димаштың жаңа әні мен орындау шеберлігіне тәнті болып, жылы лебіздерін білдіріп жатыр.

"Иә, Димаш, бұл өте әдемі ән, бірге шырқаймыз", - деп жазды abisheva1956.

"Димаш, сен айтқан әннің бәрі маған ұнайды. Сезімімді тілмен жеткізе алмаймын", - дейді Instagram қолданушысы bagdat_igam.

"Ән сондай нәзік, гүл сияқты. Әуезді, сылдырап аққан бұлақтай. Димаштың өзі сияқты әдемі ән", - деп атап өтті bahitgul.

22-23 наурызда қазақстандық әншінің Мәскеудегі Кремль сарайында жеке ән кеші өтеді. Шығармашылық кештің ұйымдастырушысы - ресейлік композитор Игорь Крутой мен "ДимашАли" орталығы.

Жаңалықтар
0