Оқиға

Қытайда қазақстандық студент қыздың ұсталуына қатысты министрлік түсініктеме берді

© Sputnik / Табылды Кадырбековқыз, архив
қыз, архив - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ақтау тұрғыны Юлия Ходева есірткі сақтап, таратты деген күдікке ілінді

АСТАНА, 9 наурыз — Sputnik. Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Қытайда қазақстандық студент қыздың ұсталуына қатысты түсініктеме берді.

27 ақпанда Чжэцзян аймағының құқық қорғау органдары Юлия Ходеваны ұстады, деп хабарлады Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.

"Ол есірткі сақтап, таратты деген күдікке ілінді. Шанхайдағы Қазақстанның Бас консулдығы Юлия Ходева мен оның туыстарымен байланысқа шығып, консулдық-құқықтық көмек берді, жергілікті адвокаттарды ұсынды. Елшілік өкілдері қызбен үнемі байланыста, Ходевадан қамаудағы жағдай мен денсаулығына қатысты шағым түскен жоқ", - деді Смадияров.

Дипломаттар мәселені өз бақылауына алған. Тергеу үш айға дейін созылуы мүмкін, деп мәлім етті министрліктің ресми өкілі.

Қыз - Sputnik Қазақстан
Қытайда тағы бір қазақстандық студент қыз ұсталды
Ақтау тұрғыны 25 жастағы Юлия Ходева Хуанчжоудың технологиялық университетінде алты жыл оқиды. Анасының айтуныша, екі айдан соң диплом алуы керек болатын. Қытайда Юлияның егіз екі сіңлісі де білім алып жүр екен. Солардың тұратын жерінде Юлияны құқық қорғау органдары ұстап әкеткен.

"Ешқандай қағаз, дәлел көрсеткен жоқ, адвокатқа ақша дайындаңдар деді. 500 мыңнан миллион теңгеге дейін. Сіңлілері полицей бөліміндегі Юлияға жылы киімдер мен ақша беріп жіберді. Қазір сол жаққа бару үшін құжаттарымды дайындап жатырмын.

Күйеуім Ақтауда қалады. Қызымды есірткі сатты дегенге сенбеймін, диплом алуына бір-екі ай қалған еді. Оның құрбысының айтуынша, Қытайда студенттерді жиі ұстап, есірткі таратты деп айыптап, айыппұл салып, елден депортациялайтын көрінеді. Бәлкім, біреу әдейі ұйымдастырған шығар", - деп Оксана Ходева қызының ұсталуына қатысты мән-жаймен бөлісті.

Жаңалықтар
0