Өңірлер

Алматыда оқушы лифтінің есігін сындырды: полиция бұзақыны ұстады

© Photo : Рixabay/Kira Hoffmann сынық, архив
сынық, архив - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Оқушының үстінен әкімшілік іс қозғалды, оның бұзақылығы үшін енді ата-анасы айыппұл төлейді

АСТАНА, 9 наурыз — Sputnik. Алматыда полицейлер жерасты жаяу жүргіншілер жолындағы мүгедектерге арналған жеделсатының есігін сындырған 16 жастағы оқушыны ұстады.

Баланың бұзақылығын телефон камерасына досы түсіріп алған. Instagram әлеуметтік желісінде тарап кеткен видеодан жасөспірімнің лифтінің шыны есігін аяғымен теуіп сындырғанын көруге болады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от 🇰🇿 Актуальные новости 🔞 (@videogram_kaz)

"Видеоматериалды зерттей келе, оқиғаның қаланың адам көп жүретін магистральдерінің бірінде болғаны белгілі болды. Тексеріс кезінде 2003 жылы туған кәмелеттік жасқа толмаған О. есімді азамат анықталды. Жасөспірім бұзақылық әрекетінің салдары қандай болатынын білмеген, бірақ бұл ол және оның әке-шешесі жауапкершілікке тартылмайды деген сөз емес", - деп хабарлады қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Шымкентте 13 жастағы жасөспірім жанып жатқан үйден екі баланы алып шықты - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Шымкентте 13 жастағы жасөспірім жанып жатқан үйден екі баланы алып шықты
Полицейлер баланың ата-анасымен профилактикалық әңгіме жүргізген. Белгілі болғандай, 16 жастағы жасөспірім толық және тұрмысы жақсы отбасында тәрбиеленуде.

Бұл факті бойынша материал Алатау аудандық полиция басқармасында тіркеліп, кәмелеттік жасқа толмағандар ісі бойынша мамандандырылған ауданаралық сотқа жіберіледі. Жасөспірім әкімшілік құқықбұзушылықтар кодексінің 435-бабы "Бұзақылық" бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Бұл бап бойынша баланың ата-анасы 7 АЕК (17 675 теңге) көлемінде айыппұл төлейді.

Жаңалықтар
0