Қоғам

Қазақстандық министрлер сүйген жарына 8 наурызда қандай сыйлық тарту етеді?

© Photo : pixabay/SoledadsnpСыйлық
Сыйлық - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Министрлер Халықаралық әйелдер күнінде қандай сыйлық аламын деп көп қиналмайтын көрінеді

АСТАНА, 8 наурыз — Sputnik. Қазақстандық министрлер арасында жүргізілген сауалнама нәтижесі көрсеткендей, Халықаралық әйелдер мерекесінде лауазымды тұлғалар сүйіктілеріне ел қатарлы сыйлық жасайтын болып шықты.

Қазақстандық министрлер өмірдегі жүрегіне ең жақын ханымдарға гүл, өз қолымен жасаған сыйлықтар тарту етіп, жүрекжарды лебіздерін білдіреді, деп хабарлайды Астана телеарнасы.

Мәселен, мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы сыйлықты өзі емес, ұлдарының сатып алатынын бірден мойындады. Бірақ ең бастысы – адамның өз қолынан шыққан сыйлық, дейді министр.

© Sputnik / Владислав ВодневАрыстанбек Мұхамедиұлы
Қазақстандық министрлер сүйген жарына 8 наурызда қандай сыйлық тарту етеді? - Sputnik Қазақстан
Арыстанбек Мұхамедиұлы

"Сондай салтымыз қалыптасқан. Ерекше сыйлық беруге тырысамыз. Ұлдарымызбен бірге қандай сыйлық екенін ойластырып, өлең жолдарын жазамыз. Әлбетте, материалдық жағы да бар, бірақ ең басты сыйлықты үйде өз қолымызбен жасаймыз", - деді ол.

Әйел затына 8 наурызда берілетін ең басты сыйлық, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаевтың пікірінше, гүл, махаббат және қуаныш пен шаттық.

© Sputnik / Владислав ВодневБердібек Сапарбаев
Қазақстандық министрлер сүйген жарына 8 наурызда қандай сыйлық тарту етеді? - Sputnik Қазақстан
Бердібек Сапарбаев

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов та әріптесінің сөзіне қосылды.

© Sputnik / Владислав ВодневЕлжан Біртанов
Қазақстандық министрлер сүйген жарына 8 наурызда қандай сыйлық тарту етеді? - Sputnik Қазақстан
Елжан Біртанов

"Әйел адамға ең тамаша сыйлық – шынайы сезім мен гүл", - деді ол сұраққа жауап беріп.

Ал еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нариман Мұқышев гүлді тіпті аузына да алған жоқ.

"Меніңше, бірдеңе сатып алғаннан, өз қолыңмен жасаған дұрыс", - дегенімен, ол нақты қандай зат екенін айтпады.

Ал министрліктегі шенеунік ханымдарды құттықтағанда, ер азаматтар білек сыбана кірісіп, түрлі қойылымдарға дейін көрсетеді екен.

Жаңалықтар
0