АСТАНА, 8 наурыз – Sputnik. Өзбекстанның бірінші президенті Ислам Каримовтың қызы Гүлнара Каримова түрмеге түскеннен кейін суицид жасағаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл туралы Өзбекстанның бас прокуратурасы хабарлады.
"Ешқандай да суицид жасаған жоқ және өз-өзіне қол жұмсауға оқталған жоқ. Гүлнара Каримова жазасын белгіленген тәртіпте өтеп жатыр. Бұл тек қоғамды шулатқан оқиғаның төңірегіндегі алып-қашпа әңшімелер ғана", - деп мәлімдеді РИА Новости-ге Өзбекстанның бас прокуратурасынан.
Тағы оқыңыз: "Бір мәселеміз бар еді, оны да Мирзиеев шешіп берді": Өзбекстандағы қазақтардың өмірі
Гүлнара Каримова 2015 жылдың тамызында ақша бопсалағаны және салықты төлеуден жалтарғаны үшін сотталған болатын. Оның үстінен тағы бірқатар айып бойынша қылмыстық іс қозғалған. Президент Ислам Каримов қайтыс болғаннан кейін, 2016 жылдың қыркүйегінде БАҚ бетінде қызы Гүлнара көз жұмды деген мәлімет тарады, алайда бұл ақпарат расталмады. Женева адвокаты Грегуар Манжа оны сол жылдың желтоқсанында Ташкентте көргенін айтқан еді.