Қоғам

Жер бетінде бірде-бір ер азамат қалмаса да, әйелдер бала туа алады – ғалымдар

© Photo : pixabay / 3907349Жүкті әйел
Жүкті әйел - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ғалымдардың айтуынша, мұндай жағдайда әйелдер тек қыз балаларды өмірге әкеледі

АСТАНА, 8 наурыз — Sputnik. Жер бетінде бірде-бір ер азамат қалмаса да, әйелдер партеногенетикалық көбею жолымен ұрпақ жалғастыра алады, деп хабарлайды "Известия" басылымы ресейлік генетиктерге сілтеме жасап.

Шауып келе жатқан жылқы - Sputnik Қазақстан
Қоғам
"Атом бомбасынан кем емес": Ғалымдар жылқының қазақ өмірін қалай өзгерткенін айтты

Ғалымдардың айтуынша, ерлердің Y-хромосомасы — эволюция кезінде 10 пайыз гені ғана қалған әйелдердің Х-хромосомасы. Оның үстіне әйелдер ұрықтандырусыз ұрпақ жалғастыра алады.

"Себебі әйелдерде хромосомалар жеткілікті, ал ер адамдардың бала көтеретін жыныс органдары жоқ", — делінген хабарламада.

Демек, қандай да бір себептен ерлер жойылып кететін болса, әйелдер партеногенетикалық көбею жолына көше алады: гаплоид гаметалары түзілген кезде мейозда редукциялық бөлінбеген аналық жасуша арқылы бала сүйеді. Мұндай аналық жасуша тура анасының көшірмесі болып дамиды, яғни қыздар ғана дүниеге келеді.

Жаңалықтар
0