АСТАНА, 8 наурыз — Sputnik. Лас-Вегаста өткен UFC 235 турнирінде тосын оқиға болды. Видеоны UFC Europe тwitter-дегі аккаунтында жариялады.
Бразилиялық Джонни Уокер сегізбұрышта канадалық Миша Циркуновпен кездесіп, оны тіземен теуіп, бар-жоғы 38 секундтың ішінде нокаутқа жіберді. Осыдан кейін Уокер жерге өзін-өзі тастай салып, жеңіске жеткенін ерекше атап өтті.
RT хабарлағандай, ол құлаған сәтте иығын қатты жарақаттап алған.
FLYING KNEE!!!@JohnnyWalkerMMA does it again at #UFC235! pic.twitter.com/7FQsO3gZjD
— UFC Europe (@UFCEurope) 3 марта 2019 г.
Джонни Уокер әлі бірде-бір рет жеңілмеген спортшы. UFC файтері қатарынан сегіз жекпе-жекте жеңіске жетті.
- ММА файтері қарсыласын жерге алып ұрамын деп өзі нокаутқа түсіп қалды – видео
- Аралас жекпе-жек чемпионын түнгі клубта өлтіріп кетті – оқиғаның видеосы
- Нурмагомедовтың жеңісінен кейін дағыстандықтар көшеге қару алып шықты
Назарларыңызға жекпе-жектің толық видеосын ұсынамыз.