Спорт

Қазақстандық ауыр атлет қыздар 8 наурыз туралы: Біз үшін ондай мереке жоқ

© Sputnik / Григорий Сысоев / Медиабанкке өтуТяжелая атлетика
Тяжелая атлетика - Sputnik Қазақстан
Жазылу
 Ауыр атлет қыздар Халықаралық әйелдер күнін неліктен мерекелемейтінін түсіндірді

АСТАНА, 7 наурыз – Sputnik, Дәурен Ерболат. Ертең –Халықаралық әйелдер күні. Мейрам ақпанның аппақ қарының көбесі сөгіліп, көктемнің шуағы жылымық шашар мезгілмен тұспа-тұс келіп, азаматтардың жүрегіне жылулық ұялатады. Әлемдегі асыл жандардың жарқын мерекесі қарсаңында Sputnik Қазақстан тілшісі ауыр атлетикадан Қазақстанның намысын қорғап жүрген спортшы қыздармен сұқбаттасып қайтқан еді.

© Photo : olympic.kzКарина Горичева
Қазақстандық ауыр атлет қыздар 8 наурыз туралы: Біз үшін ондай мереке жоқ - Sputnik Қазақстан
Карина Горичева

Карина Горичева – ауыр атлетикадан Рио Олимпиадасының қола жүлдегері. Ол өзінің сүйікті спортымен шұғылданып жүргенін, осы жылдың сәуір айында Қытайда өтетін Азия чемпионатына дайындалып жатқанын жеткізді. Оның айтуынша, бұл жарыста 2020 жылы Токиода өтетін Олимпиада ойындарының жолдамасы сарапқа салынады.

Аромат - Sputnik Қазақстан
Дерекқор
Халықаралық әйелдер күні: 8 наурыз мерекесі қайдан шықты
"Ауыр атлетикадан Қазақстан ұлттық құрамасымен бірге Ресейдің Сочи қаласында оқу-жаттығу жиынында жүрмін. Азия чемпионатына дайындығымды он балдық шкалада үшке бағалаймын. Себебі, бұрын жіберілген қателіктерімді қайталамау үшін барымды салып жатырмын. Аптаның 6 күні 5 сағат жаттығуға кетеді", - деді Карина Горичева.

Сонымен қатар ол бұрынғы жарақаттары сыр беріп жүргенін айтып қалды.

"5 жыл бұрын серпе көтеру кезінде жарақат алдым. Бойымда әлі қорқыныш бар. Бірақ жаттықтырушы Сергей Седовпен бірге жұмыс істеп жатырмын. Еңбегім өз нәтижесін ақтайды деген үміттемін. Менің ойымша, барлығы жақсы болады", - деді спортшы.

Карина Горичева бүкіләлемдік допингке қарсы WADA ұйымының спортшылардан алатын сынамаларға қатысты пікір білдіруден бас тартты. Ол қанына тыйым салынған препараттар түсіп кетпеуі үшін WADA-ның ADAMS онлайн ақпарат жүйесін үнемі бақылап отыратынын жеткізді.

"Әрбір спортшыда тыйым салынған препараттардың тізімі жарияланған ADAMS онлайн жүйесі бар. Оны күн сайын қараймыз. Онда спортшылар қандай дәрілерді қабылдауға болатынын, нені қабылдамау керектігі толық жазылған", - деді Олимпиада жүлдегері.

Сөз соңында спортшы 8 наурызды неге мерекелейметінін түсіндірді.

"8 наурызда, жаңа жыл мерекесінде де жаттығу жасаймыз. Атаулы күндер біз үшін маңызды емес. Соғысқа дайындалғандай, жанымызды салып, жаттығу жасаймыз. Біз жарысқа қатысып, жеңісімізге қол жеткізгеннен соң ғана демаламыз", - деді Карина Горичева.

© Photo : olympic.kzАуыр атлет Әсем Садықова
Қазақстандық ауыр атлет қыздар 8 наурыз туралы: Біз үшін ондай мереке жоқ - Sputnik Қазақстан
Ауыр атлет Әсем Садықова

Келесі спортшының есімі – Әсем Садықова. Астанадағы Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы спорт мектебінде білім алған. Дзюдомен шұғылданып жүрген кезде жарақат алып, анасы аталған білім ордасынан шығарып алыпты. Алайда қарағандылық қайсар қыз 16 жасында ауыр атлетикаға келіп, бір жылдан соң табандылығының арқасында ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасына кірген.

Нурсултан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Назарбаев жөтеліп отырған екі әйелге өз қолымен дәрі апарып берді – видео  
Сондай-ақ ауыр атлетіміз – бірнеше дүркін Қазақстан чемпионы, Таиландта өткен Азия чемпионатының қола жүлдегері, 2017 жылы Ашхабадта өткен Азия чемпионатының жеңімпазы. Ал ендігі мақсаты – Токиода өтетін Олимпиадаға қатысу.

"Сочи қаласында оқу-жаттығу жиынында жүрміз. Қытайда өтетін Азия чемпионатына дайындалып жатырмын. Қазіргі таңда Қытайға ұлттық құрамадан кім баратыны нақты белгісіз. Оған іріктеу жүргізіледі. Азия чемпионатына қатысуға барымды саламын. Себебі, онда Токио Олимпиадасының жолдамасы сарапқа салынады. Жолдама алу үшін жаттығып жатырмын", - деді Әсем Садықова.

Оның айтуынша, Азия чемпионатындағы басты қарсылас – Қытай мен Солтүстік Корея спортшылары.

Сондай-ақ ол қанына тыйым салынған препараттар түсіп кетпеуі үшін не істейтінін айтты.

"XXІ ғасырда өмір сүріп жатырмыз. Әрбір спортшының ұялы телефоны бар. Онда тыйым салынған препараттардың тізімі ADAMS онлайн жүйесінде жарияланады. Спортшы тұмау тиіп ауырып қалса да, дәріханаға барып, телефонындағы онлайн жүйенің көмегімен тиісті дәрісін алады. Онда дәрінің толық құрамы, тыйым салынған препараттардың бар-жоқтығы толық жазылады. Дәрігермен де ақылдасамыз", - деді ол.

Сонымен қатар спортшы мереке күндері демалмайтынын атап өтті.

Пассажиры заходят в автобус - Sputnik Қазақстан
Елорда тынысы
8 наурызда әйелдер қоғамдық көлікте тегін жүреді
"Біз ер азамат, қыз деп бөлінбейміз. Барлығымыз бір залда жаттығу жасаймыз. Біз үшін "8 наурыз деген" мереке жоқ. Қазақстанның намысын қорғап жүргендіктен жауапкершілікте жоғары ғой.  Аптасына 6 рет 5 сағат жаттығу жасаймыз", - деп түйіндеді сөзін ол.

Сөз соңында ауыр атлет қыздар нәзік жандыларды 8 наурыз мерекесімен құттықтады.

"Қазақстандық аналар мен әпкелерді, әйелдер мен қыздарды мерекелерімен құттықтаймын. Аман болыңыздар. Өмірдің мәні – денсаулықта. Сондықтан сіздерге зор денсаулық тілеймін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын", - деді Карина Горичева.

"Қыздар мен әйелдерге тек бақыт, зор денсаулық, сәттілік тілеймін", - деп қосты Әсем Садықова.

Жаңалықтар
0