Мәдениет

Тұрсынбек Қабатов халыққа неге жақпай қалғанын ашық айтты

© Photo : Пресс-служба управления культуры и спорта города АстаныТурсунбек Кабатов
Турсунбек Кабатов  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әзілкеш саясаттың сойылын соқпайтынын, шенділердің тапсырысымен әзіл жазбайтынын атап өтті  

АЛМАТЫ, 7 наурыз – Sputnik. "Әзіл әлемі" театрының басшысы, әзілкеш Тұрсынбек Қабатов Talk like бағдарламасына берген сұқбатында "Жер туралы" монологынан кейін "саясаттың сойылын соқты" деп айып таққандарға жауап берді.

Айта кетелік, Қабатовтың "Жер туралы" монологы ел арасында екіұшты ой қалдырып, көптің сынына ұшыраған. Монологта әзілкеш халықты ақкөңіл балаға теңесе, жерді ойыншыққа балайды. Бұл теңеулер халықтың көңіліне жақпай, керісінше ашуын туғызған.

Тұрсынбек Қабатов - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Тоқаев Тұрсынбек Қабатовтың ұсынысына қолдау білдірді
"Дәл осы сәтте сіз саясаттың сойылын соққан жоқсыз ба?" деп сұрады журналист Аман Тасыған.

Бұл ретте Қабатов: "Қазақстанның жері кең-байтақ. Сол жерді малға, егінге толтырайық дегенді айтқым келген. Бос жер жоқ болса, оған ешкім сырттан көз салмайды ғой. Бірақ барлығы ол әзілдің бас жағын ғана айтады да соңына үңілмейді", - деп күйінді.

Ол бұл арада қазақтың психологиясын сынағысы келгенін айтады.

"Мәселен, үйі бар қазақтың көбісінің есік алдындағы жері бос жатыр. Бақша өсірмейді, бәрін дүкеннен сатып алады. Біз бала секілді дүниеңді біреу алады дегенде ғана жармасамыз. Бұл дұрыс емес дегенді айтқым келген", - дейді әзілкеш.

Қабатов сахнада жүргелі ешқашан саяси тапсырыспен әзіл жазбағанын да кесіп айтты.

"Саясаттың еш қатысы жоқ. Менің саясатта шаруам жоқ. Осыған дейін жоғарыдан: "Тұрсынбек, сен мынадай әзіл айтшы, мына мәселені көтерші" деген бірде-бір ұсыныс түскен емес", - дейді ол.

Айта кетелік, Қабатов сахнаға алып шығатын монологтарының мәтінін өзі жазады. Жер туралы монологтың да авторы өзі.

Жаңалықтар
0