Елорда тынысы

Астанада 11 айлық нәрестенің неден шетінегені анықталды

© Photo : bingngu93Младенец, архивное фото
Младенец, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
11 айлық қыздың өліміне қатысты тексеру жұмыстары аяқталды

АСТАНА, 7 наурыз – Sputnik. Астанада 11 айлық қыздың шетінеуіне жүрек-қан тамыры, өкпе сырқаты және туғаннан пайда болған орталық-жүйке жүйесі ақаулары себеп болған.

Жансақтау бөлімі - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Аурудың үстіне ауру жамаған: Астанада гангренамен жатқан сәби көз жұмды
Оқыс оқиғаны тергеу нәтижесімен Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Сәдуақас Байғабылов таныстырды, деп хабарлайды Елорда Инфо.

"Тергеу аяқталды, кешенді сараптау жүргізілді және стационарлардағы дәрігерлердің әрекетіне баға берілді", - деді Байғабылов.

Оның айтуынша, тексеріс медициналық қызмет көрсету тактикасы және емдік іс-шара жүргізу хаттамасына сәйкес жүргізілді.

"Қыздың өліміне негіз болған жүрек-қан тамыры, өкпе және орталық-жүйке жүйесі тарапынан туа пайда болған ақаулар себеп болды", - деді ол.

Айта кетсек, 11 айлық баланың анасы әлеуметтік желілер арқылы дәрігерлердің салғырттық танытқанын мәлімдеген болатын.

Өкінішке қарай, нәресте көп ұзамай жүрек ақауы мен гангренадан шетінеп кетті. 

Жаңалықтар
0