Қоғам

"Қайыр сұрадым..." Қыз туа бергені үшін күйеуі тастап кеткен алматылық әйелдің әңгімесі

© Sputnik / Табылды КадырбековЖылап отырған әйел
Жылап отырған әйел - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алматылық көпбалалы ана басына түскен қиыншылықтарды айтып, мұңын шақты

АЛМАТЫ, 6 наурыз – Sputnik. Бес қыздың анасы, алматылық Ақзайда Бекболсынованы күйеуі қыз туа бергені үшін тастап кетіпті. Пәтер жалдап тұратын көпбалалы ана аш қалып, қайыр тілеген күндері болғанын да айтады.

Бұл туралы 39 жастағы келіншек отандық телеарналардың біріндегі "Пендеміз ғой" бағдарламасына келгенде айтты.

"Ұйғыр әйел жаман қарғады"

Отағасы дүниеге үшінші қызы келгенде "бұзылыпты".

Сәби жылап жатыр - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Алматылық әйел жаны қысылғанда үш баласын тастап кеткісі келгенін айтып жылады

"Үшінші баламды алдыртып таста деп ол маған ақша берді. Ол кезде намаз оқымайтынмын. Бірақ жүрегім дауаламады. Қатты ұрсыстық. Қыз туа бересің деп сабайтын да. Бір жолы мұрным да сынды. Бірақ қыздарға оны білдіртпейтінмін. Балалар көрмесін деп, айқай-шу шыға бастағанда оны сыртқа алып кететінмін. Содан таяқ жеп үйге бір-ақ кіруші едім.

Сол кезде ол үйден кетіп қалды. Қыс кезі болатын. Көпке жоғалды. Пәтер иесіне 150 мың теңге қарыз болдық. Барахолканың артындағы "Дархан" ықшам ауданында тұрдық. Одан соң арзанға - 10 мың теңгеге бір бөлмелі жатақ тауып, соған түнделетіп көштік. Ұйғыр әйел жаман қарғады", - дейді Ақзайда.

"Жатарға орын жоқ" - Атыраудағы жалғысбасты әкенің әңгімесі

Бірақ отағасы алты айдан соң, отбасының жағдайы сәл түзелгенде қайта оралыпты. Бұл кезде Ақзайда жұмысқа шығып, ақша тапқан. Еден жуған, дүкенде сатушы болған. Сөйтіп төртінші, бесінші сәби дүниеге келеді. Бесінші рет қызды болғанда ер-азамат түбегейлі шешім шығарыпты.

"Осы жолы шын кеттім. Келмеймін деді. Міне, одан бері 3 жыл өтті. Хабар-ошарсыз. Өзімнің де көрмегенім жоқ. Осы үш жыл ішінде қатты қиналдық. Нан болмаған кез болды. Қайтем, мешітке барып қайыр сұрауға тура келді.

Бірде жұмысқа шығып, екі қызымды үйге қамап кеткенмін. Диван өртеніпті. Көрші ағай, алып шығыпты қыздарымды. Олар иіс тиіп, жансақтау бөлімінде көп жатты. Содан бері балаларды тастап, жұмысқа шығудан да қорқып қалдым", - дейді тағдыр тауқыметі жанына батқан келіншек.

"Әкесі итеріп жіберіп, кетіп қалды..." Жарымжан үш баланың анасы мұңын шақты

"17 жылдан бері пәтер жалдап жүрміз..."

Ақзайда күйеуімен енді қосылғысы келмейтінін де айтады.

Анна Құдиярова, қазақстандық психоаналитик - Sputnik Қазақстан
Қоғам
"Әйелдер де ұрады". Анна Құдиярова келіншектердің отбасында неге таяқ жейтінін түсіндірді

"Жоқ, қосылғым келмейді. Тағы да тастап кетеді. Кеткенде кесіп тұрып айтқан ол. Бәрі бітті деп. Тіпті, тығып қойған пәтерақының ақшасын да алып кеткен. Міне, 17 жыл болды, пәтер жалдап жүрміз. Отбасына деген шын ниеті болса, жағдайымыз бір өзгерер еді ғой", - дейді ол.

Судья ажырасуға келген ерлі-зайыптының аянышты тағыдыры туралы айтты

Бағдарлама барысында журналистер Ақзайданың күйеуін табуға тырысып көрді. Сөйтіп оның туған бауыры Ержанға телефон соқты.

"Өзіміз де таппай отырмыз оны. Әкеміз қайтыс болған. Оған да келген жоқ. Жетісіне де, қырқына да. Шығыстағы Тарбағатай жақта біреудің малын бағып жүр деп естігенбіз. Бірақ нақты ақпаратымыз жоқ. Телефоны сөндірулі", - деді інісі.

Бағдарламаға келген психолог Серікгүл Сали Ақзайдаға көмек беруге әзір екенін айтты.

Төреғалидің отбасында үш қыздан соң атқамінер дүниеге келді

Жаңалықтар
0