Қоғам

Төреғали Төрәлі ұлына ерекше есім берді

© Photo : официальный аккаунт в соцсетиТөреғали түрік әншісіне қазақ елі атынан домбыра тарту етті
Төреғали түрік әншісіне қазақ елі атынан домбыра тарту етті - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Үш қыздан кейін зарыға көрген ұлына әнші Төреғали Төрәлінің қандай есім бергені белгілі болды

АЛМАТЫ, 5 наурыз - Sputnik. Танымал қазақ әншісі Төреғали Төреәлінің отбасында үш қыздан кейін ұл бала дүниеге келді. Әртіс ат ұстар перзентіне Төренұр деген ат қойған.

Бұл туралы Анна Данченко есімді Instagram қолданушысы жеке парақшасында жазыпты.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Anna Danchenko (@ann_2905)

"Төрәлі тегі ТөреНұр Төреғалиұлының дүниеге келген күні тағы да құтты болсын!" - деп хабарлады отандық арнадағы бағдарламаның жүргізушісі.

Қазақстандық әртістер балаларына қандай ерекше есімдер қойып жүр?

Төрт баланың әкесі атанған әнші Төреғалидің қуанышында шек жоқ. Атқа мінер баласын өмірге әкелген жан жары мен "ұлды бол" деген тілекші халқына алғысын білдіріп, өлең жолдарын арнаған.

"Үш қыздан соң Құдайым ұл беріпті, Қалсын деп артымыздан жалғанып із. Сансыз шүкір, мақтау мен мадақ болсын, Қалайша ұмытайық Алланы біз! Барған жерде ұлды бол деп жатушы еді, Ақ бата беріп кемпір-шалдарымыз. Сол елдің ақ тілегі қабыл болып, Мінекей орындалды арманымыз", - деп жазды әнші желідегі парақшасында. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Төреғали Төреәлi (@toregalitoreali)

Айта кетсек, 26 жастағы әртістің Томирис, Тоғжан және Фатима есімді қыздары бар.
Жаңалықтар
0