АСТАНА, 4 наурыз — Sputnik. Ұлыбританияда бір отбасының үш адамы тексерістен кейін асқазанды алып тастау отасын жасатты.
София Ахмед және оның інілері Тахир Хан мен Омар анасы мен әпкесі асқазан рагынан қайтыс болғаннан кейін операция жасатуға барады. Бұл туралы The Daily Mail хабарлады.
Қыз мұндай шешім қабылдауға туыстарын өзі көндіргенін мойындады.
Оның айтуынша, 32 жастағы әпкесі қайтыс болғаннан кейін оның медицина картасынан қатерлі ісіктің бұл түрі тұқым қуалауы мүмкін екенін оқыған.
Барлық үш ота да ағылшынның Уолсолл қаласында сәтті өтті.
София Ахмедтің айтуынша, ол "бұрынысынша ішіп-жеп, қалағанын істей алады".
Салмақты бақылауда ұстау және кейбір дәрумендердің жетіспеушілігі ғана қиындық тудырады екен. Операциядан кейін әйел жүкті болып, сау бала туған.