4 наурызда не болғанын білесіз бе? Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз.
4 наурызда қандай қызықты оқиға болды
Масленица – христиан дініндегі ұлы мереке. Ол Ұлы постқа дейін және Пасхадан 7 апта бұрын 7 күн тойланады. Биыл Масленица 4 наурыздан 10 наурыз аралығында мерекеленеді. Ол халықтың қыстан аман шыққанын, көктемнің жылы, шуақты күні жеткенін білдіреді.
Русьте күнді Құдайдай әспеттеген. Сондықтан халық пеште құймақ (блины) пісірген. Құймақ – күннің символы. Себебі ол күн секілді дөңгелек әрі ыстық. Тіпті халық арасында кім көп құймақ жесе, сол күннің шуағына бөленіп, мейірімді болады деген сенім бар. Бұл мерекеде ет тағамдарын жеуге болмайды. Тек сүт тағамдарын пайдалану керек.
Масленицада адамдар түрлі ойындар ойнап көңіл көтереді. Халық арасында кім мықтыны анықтау мақсатында жұдырықтасып төбелесу, құймақ жеу жарысы, шанамен сырғанау, сыйлықты алу үшін бағанаға өрмелеу ойындары ұйымдастырылған әрі тұлыпты өртеген.
Сонымен қатар бүгін – микрофонның туған күні. 1877 жылы 4 наурызда америкалық өнертапқыш Эмиль Берлинер алғаш рет микрофонды шығаруға патент алды. Алайда бұл дауысты күшейтетін алғашқы құрал қазіргі микрофондай болмаған. 1876 жылы америкалық ғалым, өнертапқыш Александр Белл үнді жеткізетін құралды ойлап тапты.
Бүгін – апельсин түсті мысықтардың күні. Көптеген адам үш түсті мысығының болғанын қалайды. Себебі, халық арасында мұндай мысық иесіне бақыт пен табыс алып келеді деген ырым бар. Ал кейбір адамдарға апельсин түсті мысықтың болғаны да жеткілікті. Олар қолайсыз ауа райына қарамастан апельсин түсті мысықтар иесіне көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды деп сенеді.
4 наурызда әлемде болған тарихи оқиғалар
1152 жылы Фридрих I Барбаросса Германияның королі атанды;
1561 жылы италиялық кардинал Карло Карафа соңғы католик прелаты (католик дін басыларының жоғары өкілі) болды. Оны Рим папасы өлім жазасына кесті;
1681 жылы Англия мен Шотландияның королі Карл II АҚШ-тың негізін қалаушылардың бірі Уильям Пенннің иелігіне Солтүстік Американың жерін береді. Кейін ол Пенсильвания штаты атанды;
1789 жылы АҚШ Конституциясы күшіне еніп, Нью-Йоркте АҚШ-тың алғашқы конгресі жұмысын бастады;
1950 жылы АҚШ-та алғаш рет халықаралық құймақ күні аталып өтті. Кейіннен мереке әлемнің түрлі елдеріне таралды.
4 наурызда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар
1993 жылы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы туралы" заң күшіне енді;
1997 жылы ҚР президентінің жарлығымен және үкімет қаулысымен Мұнай және газ өнеркәсібі министрлігі базасында "Қазақойл" ұлттық мұнай-газ компаниясы құрылды;
1998 жылы Тараз қаласындағы үш университет біріктіріліп, М. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті құрылды;
2000 жылы Қостанай қаласында Киров атындағы көшеге қазақтың көрнекті ақыны Ғафу Қайырбековтің есімі берілді;
2002 жылы "Қазақойл" ұлттық мұнай компаниясы мен "Мұнай және газ көлігі" ұлттық компаниялары біріктіріліп, "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" АҚ құрылды;
2016 жылы Атырау қаласында ақын Фариза Оңғарсыноваға ескерткіш қойылды.
4 наурызда дүниеге келген танымал тұлғалар
1741 жылы италиялық атақты композитор, дирижер, педагог, скрипкашы Антонио Вивальди дүниеге келді;
1870 жылы кеңес және ресейлік инженер, электрмен дәнекерлеу әдісін ойлап тапған ғалым, көпір құрастыру саласына маманданған механик Евгений Патон өмірге келді;
1928 жылы кеңестік және ресейлік артиллериялық және атыс қаруларының конструкторы Василий Грязев дүниеге келді;
1937 жылы кеңес және ресейлік медицина қызметкері, тележурналист, телепродюсер, медицина ғылымдарының кандитаты, медицина қызметінің полковнигі, саяхатшы Юрий Сенкевич өмірге келді;
1954 жылы кеңес және ресейлік әнші, биші, хореограф Борис Моисеев дүниеге келді. Ол – Ресейдің еңбек сіңірген әртісі (2006).
4 наурызда Қазақстанда кімдер туды
1950 жылы ҚР еңбек сіңірген қайраткері, М. Лермонтов атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрының актері Анатолий Креженчуков дүниеге келді;
1954 жылы педагог, өнертанушы, өнертану ғылымдарының кандидаты Гүлжауһар Елеукенова дүниеге келді;
1958 жылы "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДББҰ бұрынғы басқарма төрайымы, 2019 жылы 25 ақпанда ҚР Білім және ғылым министрі болып тағайындалған Күләш Шәмшидинова дүниеге келді;
1951 жылы мәжілістің экс-депутаты Тұрарбек Асанов дүниеге келді;
1966 жылы ҚР Ұлттық ұланның бас қолбасшысы Руслан Жақсылықов өмірге келді;
1976 жылы ҚР қаржы вице-министрі Берік Шолпанқұлов дүниеге келді.
Ай күнтізбесі
Ай Суқұйғыш белгісінде орналасады. Өте сәтті күн. Бірақ сіз айналыңыздағы адамдардың мінез-құлқын түсіне алмайсыз. Сондықтан олардың ішкі есепке құрылған әрекетіне мән бермеңіз. Егер мәселенің мән-жайын білгіңіз келсе, әзіл аралас сұрақ қойыңыз.