АСТАНА, 3 наурыз — Sputnik. "Астана" футбол клубы 2019 жылғы Қазақстан суперкубогының иегері атанды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Елордалық команда алматылық "Қайратты" 2:0 есебімен жеңді. Екі голды да Жуниор Кабананга салды.
Ойын алдында "Астана" ФК бапкері Роман Григорчук Кабананга жайлы: "ол ең жақсы ойын көрсеткен кезеңге қайта оралып жатыр" деп, осы ойыншыға үміт артатынын атап өткен болатын.
Суперкубок – өткен жылғы ел Кубогының иегері мен футболдан Қазақстан чемпионаты жеңімпазының арасындағы матч.
2015 жылдан бері Суперкубок үшін талас "Астана" мен "Қайрат" клубтары арасында өтіп келеді. Елордалық футболшылар қазіргі уақытта Қазақстан чемпионы саналады.