Өңірлер

"Естігенде есеңгіреп қалдым" Ақтөбелік әйел күйеуі жайлы сұмдықты жайып салды

© Sputnik / Табылды КадырбековМужчина держит девочку за плечо, архивное фото
Мужчина держит девочку за плечо, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
НовостиTelegram
Ақтөбелік әйел қызын әкесі зорлағанын кездейсоқ біліп қалғанын айтады

АСТАНА, 3 наурыз — Sputnik. Ақтөбеде кәмелетке толмаған қызын зорлады деген күдікпен 35 жастағы ер адамға іздеу жарияланды.

"Мой город" басылымының хабарлауынша, 26 ақпаннан бері күдіктінің қайда екені белгісіз.  

Йоханна Ақбергенова, #НеМолчиKZ қоғамдық қозғалысының баспасөз хатшысы - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Туған әкесі зорлаған қыз: басқа біреу болғанда айту жеңіл болар ма еді...
Зардап шеккен оқушының анасы қызы алғаш рет бір жыл бұрын, 12 жасында зорланғанын айтады.  

"Менің отбасым үшін бұл трагедия. Бәрін кездейсоқ біліп қалдым. Ештеңе естіген де, көрген де емеспін. Қарапайым отбасымыз. Болған жайтты баланың өзі айтып берді. Ол мұның бәріне төзуден шаршаған. Естігенде есеңгіреп қалдым. Бұл сұмдық алғаш рет бір жыл бұрын болған. Мен оны іздеп тапқым келеді. Өзім жазалаймын демеймін, бірақ заң бойынша жауап беруі керек", - деді баланың анасы журналистерге.

Қыз сабақты жақсы оқитыны, конкурстарға қатысып жүргені белгілі болды.  

Педофилді іздеуге Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Атырау облыстарының құқық қорғау органдары жұмылдырылды.

Полциейлер ер адам Ресейге қашып кетуі де мүмкін екенін айтып отыр, сондықтан Орынбор облысына бағыттама (ориентировка) жіберілген.


Жаңалықтар
0