АСТАНА, 1 наурыз — Sputnik. Қазақстандық футболшы Еркебұлан Сейдахмет еуропалық клубқа ауысты. Спортшыны болгариялық "Левски" клубы жалға алған екен.
"19 жастағы шабуылшы 2000 жылы 4 ақпанда дүниеге келген, Қазақстанның ең мықты жас футболшыларының бірі. 2017 жылы "Тараз" құрамында ойнап, кейін ресейлік Премьер-лиганың "Уфа" клубына ауысты", - делінген "Левски" футбол клубының сайтында.
Сейдахмет еуропалық клубқа өтуіне байланысты қысқа пікір білдірген. Қазақстандық "Болгарияның ең танымал клубында" ойнайтынына қуанып жүр екен.
"Мұнда көптеген танымал футболшылар бар. Мұнда келгеніме қуаныштымын", - деді ол.
Бұған дейін "Уфа" ФК құрамында ойнаған "Қазақтың Мессиі" бапкерлері мен командаға алғыс айтып, клубпен қош айтысты.
Нападающий Футбольного клуба «Уфа» и национальной сборной Казахстана Еркебулан Сейдахмет на правах аренды продолжит карьеру в болгарском «Левски» г. София. pic.twitter.com/XKFeNIErac
— ФК УФА (@UfaFc) 28 февраля 2019 г.