Қоғам

Мәскеуде өзіне қол салған қазақстандық студенттің денесі елге жіберілді

© Sputnik / Александр Кряжев / Медиабанкке өтуҰшақ
Ұшақ - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанның Ресейдегі елшілігі мәйітті жеткізу үшін қажетті құжаттарды ресімдеуге көмектесті

АСТАНА, 28 ақпан — Sputnik. Өз-өзіне қол салған қазақстандық студенттің мәйіті Қазақстанға жіберілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі республиканың Ресейдегі елшілігіне сілтеме жасап.

Причины ухода детей, как правило, из неблагополучных семей – ссоры с родителями, нежелание проживать с ними из-за злоупотребления спиртными напитками, желание жить самостоятельно - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Мәскеуде қазақстандық талантты студенттің мәйіті табылды

Қазақстандық студентпен қоштасуға оның достары, курстастары мен Мәскеу мемлекеттік университетінің өкілдері келген.

"Қазақстанның Ресейдегі елшілігі марқұмның туыстарына мәйітті жеткізуге қажетті құжаттарды ресімдеуге көмектесіп, азаматтық жаназа ұйымдастырды", - делінген дипломатиялық өкілдіктің хабарламасында.

Қытайға оқуға кеткен баланың анасы халыққа ескерту жасады

Елшілік қаза болған студенттің туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

Қазақстандық Темірлан Кірібаев Мәскеу мемлекеттік университетінің химия факультетінің бесінші курсында оқитын. 25 ақпан күні кешкісін жігіт жатақханада өлі табылған. ММУ ректоры Виктор Садовничий РИА Новости агенттігіне хабарлағандай, студент хат жазып қалдырып, өз-өзіне қол жұмсапты.

Ресей ауылында жалғыз қалған қазақ отбасының өмірі - фото

Жаңалықтар
0