Фотоаппарат - Sputnik Қазақстан
Фото
Әлем және Қазақстан жаңалықтары - суреттер сөйлейді

Қазақстанның премьер-министрлері: үкіметті әр жылдары кім басқарды - фото

Жазылу
1991 жылдан бастап қазақстандық саясаткерлердің қайсысы премьер-министр қызметін атқарды? Қазақстан үкіметін басқарған тұлғалар несімен ел есінде қалды және еңбек жолын қалай бастады?

2019 жылдың 21 ақпанында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев үкіметті отставкаға жібергенін мәлімдеді. Мемлекет басшысы мұның себебін халықтың әлеуметтік әлсіз топтарының проблемасын шешуде жүйелі жұмыстың жоқтығымен түсіндірген.

Араға төрт күн салып 25 ақпанда Қазақстанның жаңа үкіметі құрылды. Үкімет тізгінін Асқар Мамин ұстады. Нұрсұлтан Назарбаев оның кандидатурасын мәжілістің қарауына енгізіп, төменгі палата депутаттары бірауыздан мақұлдаған.

Бұрынғы премьер-министр Сағынтаев қандай қызметке ауысты?

Sputnik Қазақстанның бүгінгі фотолентасынан 1991 жылдан бастап Қазақстанның премьер-министрі қызметін атқарған ірі саясаткерлер туралы біле аласыз.

Қазақстан үкіметінде не өзгерді: жаңа құрам

© Sputnik / Анатолий УстиненкоСергей Терещенко — 1991 жылдың 16 желтоқсанынан 1994 жылдың 12 қазанына дейін. Үкімет басшысынан омарташыға дейін. Тәуелсіз Қазақстанның бірінші премьер-министрі Сергей Терещенко еліміздің ең ірі жер иелерінің бірі, бас омарташы ретінде көпшілікке белгілі. Экс-премьер - қазір Қазақстанның "Бал-Ара" омарташылар ұлттық одағының басшысы, әр жылдары "БанкцентрКредит" АҚ, "Рахат" АҚ және "Трансаэро" АК" ААҚ директорлар кеңесінің мүшесі болған. Ол 2016 жылы Forbes бойынша Қазақстанның ең беделді бизнесмендерінің рейтингісінде 41-ші орынды иеленді.
Сергей Терещенко - Sputnik Қазақстан
1/10
Сергей Терещенко — 1991 жылдың 16 желтоқсанынан 1994 жылдың 12 қазанына дейін. Үкімет басшысынан омарташыға дейін. Тәуелсіз Қазақстанның бірінші премьер-министрі Сергей Терещенко еліміздің ең ірі жер иелерінің бірі, бас омарташы ретінде көпшілікке белгілі. Экс-премьер - қазір Қазақстанның "Бал-Ара" омарташылар ұлттық одағының басшысы, әр жылдары "БанкцентрКредит" АҚ, "Рахат" АҚ және "Трансаэро" АК" ААҚ директорлар кеңесінің мүшесі болған. Ол 2016 жылы Forbes бойынша Қазақстанның ең беделді бизнесмендерінің рейтингісінде 41-ші орынды иеленді.
© DatӘкежан Қажыгелдин — 1994 жылдың 12 қазанынан 1997 жылдың 10 қазанына дейін. Премьер-министрден оппозиционерге дейін. Әкежан Қажыгелдин Семей облысындағы шағын ауылда білім саласының қызметкерлері отбасында дүниеге келді. Семей педагогикалық институтында (1969-1974) білім алып, 1985 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын бітірген.
Ол Қазақстанның премьер-министрі қызметін 1994-1997 жылдары атқарған. Ал 1998 жылы президенттің кеңесшісі атанып, сол жылы мемлекет басшысы лауазымына сайлауға түспек болды, бірақ Орталық сайлау комитеті оның үміткерлігін қабылдаған жоқ. Арада бір жыл өткен соң Қажыгелдинге халықаралық іздеу жарияланды, ол кезде экс-премьерге билігі мен қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген айып тағылған еді. БАҚ мәліметі бойынша, қазір Әкежан Қажыгелдин Еуропада тұрып жатыр.
Әкежан Қажыгелдин - Sputnik Қазақстан
2/10
Әкежан Қажыгелдин — 1994 жылдың 12 қазанынан 1997 жылдың 10 қазанына дейін. Премьер-министрден оппозиционерге дейін. Әкежан Қажыгелдин Семей облысындағы шағын ауылда білім саласының қызметкерлері отбасында дүниеге келді. Семей педагогикалық институтында (1969-1974) білім алып, 1985 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын бітірген.
Ол Қазақстанның премьер-министрі қызметін 1994-1997 жылдары атқарған. Ал 1998 жылы президенттің кеңесшісі атанып, сол жылы мемлекет басшысы лауазымына сайлауға түспек болды, бірақ Орталық сайлау комитеті оның үміткерлігін қабылдаған жоқ. Арада бір жыл өткен соң Қажыгелдинге халықаралық іздеу жарияланды, ол кезде экс-премьерге билігі мен қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген айып тағылған еді. БАҚ мәліметі бойынша, қазір Әкежан Қажыгелдин Еуропада тұрып жатыр.
© Анатолий УСТИНЕНКОНұрлан Балғымбаев – 1997 жылдың 10 қазаннан1999 жылдың 1 қазанына дейін. Бұрғылаушының көмекшісінен премьер-министрге дейін. Қазақстанның үшінші премьер-министрі Нұрлан Балғымбаев Қазақ политехникалық институтын бітіріп, еңбек жолын бұрғылаушының көмекшісі ретінде бастаған. 90 жылдардың соңында Балғымбаев Бостондағы Массачусетс университетінде, "Шеврон" компаниясында қызмет етіп, ал 1994 жылы Қазақстанның мұнай және газ өнеркәсібі министрі болды. Балғымбаевтың кезінде Қазақстан теңгенің еркін айырбас бағамына көшкен еді. Ол кезде премьер-министр мәлімдегендей, үкімет сыртқы факторлардың ықпалымен девальвацияға жол беруге мәжбүр болған. Нұрлан Балғымбаев 2015 жылы 68 жасында өмірден озды.
Нұрлан Балғымбаев - Sputnik Қазақстан
3/10
Нұрлан Балғымбаев – 1997 жылдың 10 қазаннан1999 жылдың 1 қазанына дейін. Бұрғылаушының көмекшісінен премьер-министрге дейін. Қазақстанның үшінші премьер-министрі Нұрлан Балғымбаев Қазақ политехникалық институтын бітіріп, еңбек жолын бұрғылаушының көмекшісі ретінде бастаған. 90 жылдардың соңында Балғымбаев Бостондағы Массачусетс университетінде, "Шеврон" компаниясында қызмет етіп, ал 1994 жылы Қазақстанның мұнай және газ өнеркәсібі министрі болды. Балғымбаевтың кезінде Қазақстан теңгенің еркін айырбас бағамына көшкен еді. Ол кезде премьер-министр мәлімдегендей, үкімет сыртқы факторлардың ықпалымен девальвацияға жол беруге мәжбүр болған. Нұрлан Балғымбаев 2015 жылы 68 жасында өмірден озды.
© Sputnik / Болат ШайхиновҚасым-Жомарт Тоқаев — 1999 жылдың 12 қазанынан 2002 жылдың 28 қаңтарына дейін. Премьер-министрден сенат төрағасына дейін. Қасым-Жомарт Тоқаев әр жылдары Қазақстанның сыртқы істер министрі, БҰҰ бас хатшысының орынбасары қызметін атқарған. 2013 жылдан бастап Тоқаев – республика парламенті сенатының төрағасы. Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси ғылымдар докторы дәрежесі бар, "Жаңа әлемдік тәртіп орнату кезеңіндегі Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты" тақырыбында диссертация қорғаған. Сенат спикері қазақ, орыс, ағылшын, қытай, француз тілдерін меңгерген. Бұрынғы премьер 1995 жылы Гаванада Кубаның төңкеріс басшысы Фидель Кастромен кездесті, сонымен қатар, сенат төрағасы - твиттердің белсенді қолданушысы: @TokayevKZ.
Қасым-Жомарт Тоқаев - Sputnik Қазақстан
4/10
Қасым-Жомарт Тоқаев — 1999 жылдың 12 қазанынан 2002 жылдың 28 қаңтарына дейін. Премьер-министрден сенат төрағасына дейін. Қасым-Жомарт Тоқаев әр жылдары Қазақстанның сыртқы істер министрі, БҰҰ бас хатшысының орынбасары қызметін атқарған. 2013 жылдан бастап Тоқаев – республика парламенті сенатының төрағасы. Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси ғылымдар докторы дәрежесі бар, "Жаңа әлемдік тәртіп орнату кезеңіндегі Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты" тақырыбында диссертация қорғаған. Сенат спикері қазақ, орыс, ағылшын, қытай, француз тілдерін меңгерген. Бұрынғы премьер 1995 жылы Гаванада Кубаның төңкеріс басшысы Фидель Кастромен кездесті, сонымен қатар, сенат төрағасы - твиттердің белсенді қолданушысы: @TokayevKZ.
© Sputnik / Евгения Новоженина Иманғали Тасмағамбетов — 2002 жылдың 28 қаңтарынан 2003 жылдың 11 маусымына дейін. Құпия рекордшыдан халық сүйіктісіне дейін. Иманғали Тасмағамбетов халықтың ыстық ықыласына ие болған саясаткер ретінде көпшілікке танымал. Атырау облысы Махамбет ауданы Новобогат ауылының тумасы соңғы 20 жылда Қазақстан премьер-министрінің орынбасары, Астана мен Алматы қалаларының әкімі, қорғаныс министрі қызметтерін атқарған. 2002 жылдың 28 қаңтарынан 2003 жылдың 11 маусымына дейін елдің үкімет басшысы болды. Бірақ бұл қызметте ұзақ болған жоқ, ал Астана әкімі болған кезде құпия рекордшы атанды. Қазақстанның Ресейдегі Төтенше әрі Уәкілетті елшісі алты жыл елорданы басқарған. "Азаматтық" қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов әскердің техникалық қарулану деңгейін көтерді: қазақстандық ұшқыштар 4++ буынының Су-30СМ жоғары маневрлі көпфункциялы жойғыштарына ие болды, ал құрлықтағы әскерлер Қазақстан өндірген алғашқы "Арлан" бронемашинасына қол жеткізді.
Иманғали Тасмағамбетов - Sputnik Қазақстан
5/10
Иманғали Тасмағамбетов — 2002 жылдың 28 қаңтарынан 2003 жылдың 11 маусымына дейін. Құпия рекордшыдан халық сүйіктісіне дейін. Иманғали Тасмағамбетов халықтың ыстық ықыласына ие болған саясаткер ретінде көпшілікке танымал. Атырау облысы Махамбет ауданы Новобогат ауылының тумасы соңғы 20 жылда Қазақстан премьер-министрінің орынбасары, Астана мен Алматы қалаларының әкімі, қорғаныс министрі қызметтерін атқарған. 2002 жылдың 28 қаңтарынан 2003 жылдың 11 маусымына дейін елдің үкімет басшысы болды. Бірақ бұл қызметте ұзақ болған жоқ, ал Астана әкімі болған кезде құпия рекордшы атанды. Қазақстанның Ресейдегі Төтенше әрі Уәкілетті елшісі алты жыл елорданы басқарған. "Азаматтық" қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов әскердің техникалық қарулану деңгейін көтерді: қазақстандық ұшқыштар 4++ буынының Су-30СМ жоғары маневрлі көпфункциялы жойғыштарына ие болды, ал құрлықтағы әскерлер Қазақстан өндірген алғашқы "Арлан" бронемашинасына қол жеткізді.
© Sputnik / Болат ШайхиновДаниал Ахметов — 2003 жылдың 13 маусымынан 2007 жылдың 8 қаңтарына дейін. Инженер-құрылысшыдан спортқа ең бейім премьер-министрге дейін. Даниал Ахметов Қазақстанның алтыншы үкімет басшысы болды. Инженер-құрылысшы мамандығын игерген ол еңбек жолын қарапайым шебер ретінде бастаған. Төрт жыл премьер-министр қызметін атқарған соң, 2007 жылы президент жарлығымен елдің қорғаныс министрі болып тағайындалды. Қазір Даниал Ахметов – Шығыс Қазақстан облысының әкімі. Белсенді өмір салтын ұстанып, спорттық шараларға жиі қатысады. 2017 жылы тамызда 63 жастағы Даниал Ахметов қазақ-өзбек спортшыларымен бірге 25 шақырымды велосипедпен жүріп өтті.
Даниал Ахметов - Sputnik Қазақстан
6/10
Даниал Ахметов — 2003 жылдың 13 маусымынан 2007 жылдың 8 қаңтарына дейін. Инженер-құрылысшыдан спортқа ең бейім премьер-министрге дейін. Даниал Ахметов Қазақстанның алтыншы үкімет басшысы болды. Инженер-құрылысшы мамандығын игерген ол еңбек жолын қарапайым шебер ретінде бастаған. Төрт жыл премьер-министр қызметін атқарған соң, 2007 жылы президент жарлығымен елдің қорғаныс министрі болып тағайындалды. Қазір Даниал Ахметов – Шығыс Қазақстан облысының әкімі. Белсенді өмір салтын ұстанып, спорттық шараларға жиі қатысады. 2017 жылы тамызда 63 жастағы Даниал Ахметов қазақ-өзбек спортшыларымен бірге 25 шақырымды велосипедпен жүріп өтті.
© Sputnik / Анатолий УстиненкоСерік Ахметов – 2012 жылдың 24 қыркүйегінен 2014 жылдың 2 сәуіріне дейін. Премьер-министр лауазымынан түрмеге дейін. Ахметов Теміртау қаласында туып-өсіп, еңбек жолын Қарағанды металлургия комбинатында токарьдің шәкірті болып бастаған. Әр жылдары әкім, министр қызметін атқарды, кейін вице-премьер болып, содан соң бір жарым жыл үкімет тізгінін ұстады.
2014 жылдың қарашасында жемқорлық іс бойынша басты күдікті болып, сотқа дейін үй қамақта отырған. 2015 жылдың желтоқсанында 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал 2017 жылдың 21 қыркүйегінде түрмеден босап шықты. Өтелмеген жаза мерзімі бас бостандығын шектеу жазасымен алмастырылған.
Серік Ахметов - Sputnik Қазақстан
7/10
Серік Ахметов – 2012 жылдың 24 қыркүйегінен 2014 жылдың 2 сәуіріне дейін. Премьер-министр лауазымынан түрмеге дейін. Ахметов Теміртау қаласында туып-өсіп, еңбек жолын Қарағанды металлургия комбинатында токарьдің шәкірті болып бастаған. Әр жылдары әкім, министр қызметін атқарды, кейін вице-премьер болып, содан соң бір жарым жыл үкімет тізгінін ұстады.
2014 жылдың қарашасында жемқорлық іс бойынша басты күдікті болып, сотқа дейін үй қамақта отырған. 2015 жылдың желтоқсанында 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал 2017 жылдың 21 қыркүйегінде түрмеден босап шықты. Өтелмеген жаза мерзімі бас бостандығын шектеу жазасымен алмастырылған.
© Sputnik / Болат ШайхиновКәрім Мәсімов үкімет тізгінін ең ұзақ ұстаған премьер-министр – 2007-2012 жылдары және 2014-2016 жылдары. Мәсімов еңбек жолын КСРО-ның Қытайдағы сауда өкілдігінің заң кеңесшісі ретінде бастаған. Қазақстанның үкімет басшысы болып тағайындалғанға дейін "Қазақстанның Халық жинақтық банкі" ААҚ басқарма төрағасы, Қазақстанның көлік және коммуникациялар министрі қызметін атқарған. Қазіргі Ұлттық қауіпсіздік комитеті басшысы премьер болған кезде, әлемдік қаржы дағдарысы басталып, Қазақстанның Қашаған мұнай жобасында үлесі артты, еліміз Қарашығанақ жобасының мүшесі болды.
Кәрім Мәсімов - Sputnik Қазақстан
8/10
Кәрім Мәсімов үкімет тізгінін ең ұзақ ұстаған премьер-министр – 2007-2012 жылдары және 2014-2016 жылдары. Мәсімов еңбек жолын КСРО-ның Қытайдағы сауда өкілдігінің заң кеңесшісі ретінде бастаған. Қазақстанның үкімет басшысы болып тағайындалғанға дейін "Қазақстанның Халық жинақтық банкі" ААҚ басқарма төрағасы, Қазақстанның көлік және коммуникациялар министрі қызметін атқарған. Қазіргі Ұлттық қауіпсіздік комитеті басшысы премьер болған кезде, әлемдік қаржы дағдарысы басталып, Қазақстанның Қашаған мұнай жобасында үлесі артты, еліміз Қарашығанақ жобасының мүшесі болды.
© Sputnik / Владислав ВодневБақытжан Сағынтаев премьер-министр қызметіне 2016 жылы келді. Әр жылдары Жамбыл облысы әкімінің орынбасары, Қазақстанның шағын бизнесті қолдау агенттігі төрағасының орынбасары, "Шағын кәсіпкерлікті дамыту қорының" ЖАҚ басқарма төрағасы, табиғи монополияның реттеу, бәскелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау агенттігі төрағасының орынбасары қызметін атқарған. Еңбек жолын Алматы халық шаруашылығы институтында саяси экономия кафедрасының оқытушысы болып бастады. Соңғы кездері президенттің үкіметтің жұмысына көңілі толмай жүрген болатын. Мәселен, 2019 жылдың 30 қаңтарында өткен кеңейтілген отырыста президент: "Үкімет пен министрлер емес, нағыз қорқақсыңдар, шешім шығаруға келгенде, қол-аяқтарың дірілдейді. Онда неге жұмыс істеп отырсыңдар?", - деп сын айтқан еді. Министрлер кабинетін басқарған Сағынтаевтың кезінде әр салада цифрландыру енгізіліп, "Нұрлы жер" тұрғын үй бағдарламасы жүзеге асырылды, сондай-ақ отандық көлік өндірісін қолдау мақсатында шаралар атқарылды.
Бақытжан Сағынтаев  - Sputnik Қазақстан
9/10
Бақытжан Сағынтаев премьер-министр қызметіне 2016 жылы келді. Әр жылдары Жамбыл облысы әкімінің орынбасары, Қазақстанның шағын бизнесті қолдау агенттігі төрағасының орынбасары, "Шағын кәсіпкерлікті дамыту қорының" ЖАҚ басқарма төрағасы, табиғи монополияның реттеу, бәскелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау агенттігі төрағасының орынбасары қызметін атқарған. Еңбек жолын Алматы халық шаруашылығы институтында саяси экономия кафедрасының оқытушысы болып бастады. Соңғы кездері президенттің үкіметтің жұмысына көңілі толмай жүрген болатын. Мәселен, 2019 жылдың 30 қаңтарында өткен кеңейтілген отырыста президент: "Үкімет пен министрлер емес, нағыз қорқақсыңдар, шешім шығаруға келгенде, қол-аяқтарың дірілдейді. Онда неге жұмыс істеп отырсыңдар?", - деп сын айтқан еді. Министрлер кабинетін басқарған Сағынтаевтың кезінде әр салада цифрландыру енгізіліп, "Нұрлы жер" тұрғын үй бағдарламасы жүзеге асырылды, сондай-ақ отандық көлік өндірісін қолдау мақсатында шаралар атқарылды.
© Sputnik / Владислав Воднев2019 жылдың 25 ақпанында Асқар Мамин президент жарлығымен Қазақстанның премьер-министрі болып тағайындалды. Жаңа үкімет басшысы еңбек жолын "Целинтяжстрой" трестінде монтаждаушы болып бастаған. Әр жылдары Ақмола (Астана) қаласы әкімінің бірінші орынбасары, Қазақстанның көлік және коммуникациялар министрі, "Қазақстан темір жолы" ҰҚ" АҚ президенті, Қазақстан премьер-министрінің бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2019 жылдың 26 ақпанында өткен алғашқы отырыста Асқар Мамин жаңа құрамдағы үкіметтің нақты нәтижелерге бағытталған нақты істердің үкіметіне айналуы керек екенін атап өтті.
Асқар Мамин - Sputnik Қазақстан
10/10
2019 жылдың 25 ақпанында Асқар Мамин президент жарлығымен Қазақстанның премьер-министрі болып тағайындалды. Жаңа үкімет басшысы еңбек жолын "Целинтяжстрой" трестінде монтаждаушы болып бастаған. Әр жылдары Ақмола (Астана) қаласы әкімінің бірінші орынбасары, Қазақстанның көлік және коммуникациялар министрі, "Қазақстан темір жолы" ҰҚ" АҚ президенті, Қазақстан премьер-министрінің бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2019 жылдың 26 ақпанында өткен алғашқы отырыста Асқар Мамин жаңа құрамдағы үкіметтің нақты нәтижелерге бағытталған нақты істердің үкіметіне айналуы керек екенін атап өтті.
Жаңалықтар
0