АСТАНА, 28 ақпан – Sputnik. Сеулдегі Road FC 52 халықаралық турнирінде бразилиялық ММА файтері Мишель Перейра ниндзя стилінде ерекше жекпе-жек өткізді.
25 жастағы Мишель Корея спортшысы Ким Дай Сунгпен жекпе-жекті Голливуд фильмдерінде және Mortal Combat видеоойынында кездестіруге болатын акробатикалық шоуға айналдырып жіберді.
ММА файтері қарсыласын жерге алып ұрамын деп өзі нокаутқа түсіп қалды – видео
Бразилиялық файтер бірегей техникасымен аралас жекпе-жек жанкүйерлерін өзіне баурап алды. Жекпе-жектің үздік сәттері көрсетілген видео әлеуметтік желілерде жылдам таралып жатыр. Ол бірнеше күннің ішінде 1,3 миллион рет қаралды.
Michel Pereira is a nutcase, and we should love him for it. #ROADFC052 pic.twitter.com/HMc89WmRgn
— Mike Skytte (@MikeLovesTacosX) 24 февраля 2019 г.
Жекпе-жек барысында Перейра сальто, секіру және өзге де ерекше әдістерді көрсетті. Кездесудің екінші раундында бразилиялық спортшы техникалық нокаутпен жеңіске жетті.
Өткен демалыс күні болған жекпе-жектің толық видеосы YouTube-те жарияланды.