Қоғам

Елімізде 3 университет пен академия сатылады

© Sputnik / Кирилл Каллиников / Медиабанкке өтуАукцион, архивтегі фото
Аукцион, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті, Жезқазған университеті, Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы, Алматы энергетика және байланыс университеті сатылымға шығарылды

АСТАНА, 27 ақпан – Sputnik. Қазақстанның Қаржы министрлігі еліміздегі беделді 4 жоғары оқу орны мен республикалық мектепті сатылымға шығарды, деп хабарлайды аталған ведомствоның баспасөз қызметі.

Алматыдағы өртке қарсы оқу-жаттығу, архив - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Бас прокуратура: елдегі барлық сауда нысаны мен оқу орны тексеріледі
Сатылатын жоғары оқу орындарының қатарында Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті (Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ), Өмірхан Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті (ЖезУ), Алматы энергетика және байланыс университеті (АЭжБУ), Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы (ҚазБСҚА) бар.

Ең қымбат білім ордасы – Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы. Оның бастапқы бағасы – 2 миллиард 522 миллион 61 теңге (6,6 миллион доллар). Ал Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ құны – 1 миллиард 711 миллион 278 мың 931 теңгеден басталады (4,5 миллион доллар). Оны сатып алғысы келген азамат 75 миллион 750 мың теңге көлеміндегі (200 мың доллар) бастапқы жарнаны төлеуі қажет.

Сондай-ақ Алматы энергетика және байланыс университеті 1 миллиард 401 миллион 617 мың 89 теңгеге (3,7 миллион доллар), Өмірхан Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті 336 миллион 396 мың 978 теңге (889 мың доллар) сатылады.

Сонымен қатар қаржы министрлігі су спорты және қолданбалы спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебін сатпақ. Мектептің бастапқы бағасы – 331 миллион 60 мың теңге (875 мың доллар).

Студенттер - Sputnik Қазақстан
Дерекқор
Қазақстанда 1 қаңтардан бастап сырттай оқу тоқтатылады
Аталған жоғары оқу орындары мен мектеп аукцион арқылы сатылатындықтан, бағалары өзгеруі мүмкін.

"Сатылым 7 наурызда аукцион әдісі арқылы өтеді. Кім жоғары бағаны ұсынса, сол жеңімпаз болады", - делінген ведомствоның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Сондай-ақ қаржы министрлігі барлық объект электронды тендер арқылы сатылатынын атап өтті.

Жоғары оқу орындары мен республикалық мектепті сатып алғысы келетін азаматтар сатылым басталарға дейін 2 сағат бұрын, 7 наурыз таңғы 8-ге дейін өтінімдерді беруі керек.

Жаңалықтар
0