АСТАНА, 27 ақпан — Sputnik. 95 жасқа қараған шағында көрнекті қазақстандық ғалым, лингвист-түркітанушы Әбдуәли Қайдар дүниеден озды.
Бүгін таңертең академик қайтыс болғаны туралы ақпаратты Sputnik Қазақстан тілшісіне Білім және ғылым министрлігінің Ахмет Байтұрсынұлы атындағы тіл білімі институтының директоры, профессор Ерден Қажыбек растады.
Әбдуәли Қайдар 400-ден астам ғылыми еңбек жазған, олардың 40-ы - монография, оқулық, сөздік, жинақ.
Ол сондай-ақ – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Оның ғылыми жетекшілігімен 65 жоғары білікті ғалым даярланды, арасында 10-ы ғылым докторы бар. Он бес жыл бұрын "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде академик Әбдуәли Кайдар әзірлеген латын әліпбиіндегі жаңалықтар алғаш рет жарияланды.
Ғалым Қайдар ұсынған латын қарпіндегі әліпбиді әлемнің 30 елінің филологтары қолдады.
Ерден Қазыбек ұстаз Қайдар жан-жақты, өте талантты, қарапайым және шынайы адам болғанын еске түсірді. Айтуынша, сурет салуды, ағаштан бір нәрсе жасауды жақсы көрген.
Академик Әбдуәли Қайдарды жерлеу рәсімі 1 наурыз, жұма күні өтеді. Таңертеңгі сағат 09.00-де үйінен (Ғылым академиясының жанында) жаназасы шығарылады, Ғылым академиясының ғимаратында да қаралы митинг болады.