Қоғам

Назарбаев 1 шілдеден бастап қазақстандықтардың жалақысын көбейтуді тапсырды

© Sputnik / Владислав ВодневҚазақстандықтар
Қазақстандықтар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Оның ішінде, аудандық деңгейдегі атқарушы орган қызметкерлерінің жалақысы 25 пайызға көбейеді

АСТАНА, 27 ақпан – Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1 шілдеден бастап бюджет саласындағы жалақысы төмен қызметкерлердің еңбекақысын 30 пайызға көбейтуді тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бала - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Назарбаев әр балаға 21 мың теңге төлеуді тапсырды

"Осы жылдың 1 шілдесінен бастап бюджет саласының жалақысы төмен қызметкерлерінің айлығын 30 процентке көбейтуді тапсырамын. Сонымен қатар, облыстық, аудандық деңгейдегі атқарушы органдардың лауазымы төмен қызметкерлерінің жалақысын орташа есеппен 25 процентке өсіруді тапсырамын", - деді Назарбаев Астанада өтіп жатқан "Нұр Отан" партиясының сьезінде.

Мұғалімдердің жалақысы 300 мың болуы тиіс - жұмыс тобы

Президенттің айтуынша, бұл мақсатқа 2019-2021 жылдары қосымша 980 миллиард теңге бөлінеді.

"Үкімет барлық шығынды жіті қадағалауы тиіс, бөлініп жатқан қаражат адресатқа жетуі керек. Биыл республикалық бюджеттің барлық шығынының 45 проценті әлеуметтік салаға бағытталады", - деді Елбасы.

Айта кетсек, Астанада Қазақстан президентінің төрағалығымен "Нұр Отан" партиясының XVIII съезі болып жатыр.

Жаңалықтар
0