Мәжіліс депутаттары Қазақстан үкіметіндегі лауазымдарға ұсынылған кандидатуралар туралы келісті.
Жаңа премьер-министр Асқар Мамин болды. Оның кандидатурасын Нұрсұлтан Назарбаев ұсынып, мәжіліс депутаттары бірауыздан мақұлдады.
Мамин басқарған үкіметтің алғашқы отырысы қалай өтті - видео
Министрлер кабинетін Маминнің ұсынысымен президент тағайындады.
Бұдан бөлек, Ұлттық банктің төрағасы ауысты. Қаржы реттеушісін енді Ерболат Досаев басқарады.
Жаңа үкімет: не өзгерді
Дәурен Абаев басқарған ақпарат және коммуникациялар министрлігі таратылды. Ведомство қызметінің қоғамдық даму саласы жаңадан құрылған ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне жүктелді, ал ақпараттық бөлігі қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне беріліп, ведомствоның атауы цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі болып өзгерді.