Өмірбаяны
Қасымбек Жеңіс Махмұдұлы 1975 жылы 7 мамырда Жамбыл облысы Шу қаласында дүниеге келді.
© Sputnik / Владислав ВодневЖеңіс Қасымбек
Жеңіс Қасымбек
© Sputnik / Владислав Воднев
Отбасы жағдайы
Әкесі – Махмұд Қасымбеков, 1990 жылдары ҚР президенті кеңсесін басқарған. Жұбайы - Ақжан Қасымбек. Ақерке, Жансая, Ләйлім есімді үш қызы бар.
Білімі
1997 жылы Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясын архитектор-дизайн мамандығы бойынша бітірген.
2001 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде "экономист-менеджер" мамандығы бойынша білім алады;
Еңбек өтілі
Еңбек жолын Алматыдағы "Темірбанк" ашық акционерлер қоғамында бас банкир қызметінен бастаған (1997-1998).
- Қазақстанның табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау агенттігі темір жол көлігі және порттар бөлімінің басшысы (1998-1999);
- Қазақстанның көлік және коммуникация министрлігі үйлестіру департаменті көлік саясаты бөлімінің басшысы (1999 жылдың қарашасынан желтоқсанына дейін);
- ҚР көлік және коммуникация министрлігі көліктегі тарифтік саясат басқарма басшысы (1999-2000);
- ҚР көлік және коммуникация министрлігі көліктегі тарифтік саясат департаменті директорының орынбасары (2000 жылдың сәуірінен мамырына дейін);
- ҚР көлік және коммуникация министрлігі көліктегі тарифтік саясат департаменті директоры (2000 жылдың мамырынан қазанына дейін)
- ҚР көлік және коммуникация министрлігі су көлігі департаменті директорының міндетін атқарушы (2000 жылдың қазанынан желтоқсанына дейін)
- ҚР көлік және коммуникация министрлігінде су көлігі департаментінің директоры (2000-2004);
- "Ақтау халықаралық теңіз сауда порты" РМК директоры (2004-2005);
- ҚР көлік және коммуникация вице-министрі (2005-2009);
- ҚР көлік және коммуникация министрлігінің жауапты хатшысы (2009-2014);
- ҚР көлік және коммуникация министрі (2014-2016);
- ҚР инвестициялар және даму бірінші вице-министрі (2014 жылдың тамызынан 2016 жылдың маусымына дейін);
- ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі (2016-2019);
- ҚР премьер-министр министрінің орынбасары (2019 жылдың 25 ақпанынан бастап).
Марапаттары
- "Құрмет" ордені;
- "Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 10 жылдығы" медалі;
- "Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл" медалі;
- "Астанаға 10 жыл" медалі.
Ғылыми атағы
- экономика ғылымдарының кандидаты;