Ручка и бумага - Sputnik Қазақстан
Өмірбаяндар
Sputnik Қазақстан саясаткерлер, мемлекет және қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар, спортшылар мен әншілердің өмірбаянын ұсынады. 

Ақпарат және қоғамдық даму министрі: Дәурен Абаев туралы қызықты деректер

© SputnikДәурен Абаев
Дәурен Абаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 25 ақпандағы жарлығына сәйкес Дәурен Абаев ақпарат және қоғамдық даму министрі болып тағайындалды. Ақпарат және коммуникациялар министрлігі таратылған соң орнына жаңа ведомство құрылды

Дәурен Абаевтың өмірбаяны

Дәурен Әскербекұлы Абаев 1979 жылы Алматы облысында дүниеге келді. Үйленген, екі баласы бар.

Білімі

2001 жылы Дәурен Абаев әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін қызыл дипломмен бітірді. 2006 жылы Нидерландыдағы Лейден университетін тәмәмдаған. 2014 жылы Еуразиялық гуманитарлық институттың дипломын алды. Қазақ, орыс және ағылшын тілінде еркін сөйлейді.

© Sputnik / Владислав ВодневДәурен Абаев
Ақпарат және қоғамдық даму министрі: Дәурен Абаев туралы қызықты деректер - Sputnik Қазақстан
Дәурен Абаев

Еңбек жолы

Дәурен Абаев еңбек жолын 2001 жылдың тамыз айында Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің орталық аппаратында бастады. Кейін төрт жыл Қазақстанның Әзербайжандағы және Нидерландыдағы елшіліктерінде дипломаттық қызметте болды. 2007 жылдың мамырынан желтоқсанына дейін сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі бөлімінің басшысы болған.

© Sputnik / Владислав ВодневДәурен Абаев президент Нұрсұлтан Назарбаевпен бірге "100 жаңа есім" жобасының жеңімпаздарымен кездесуде
Ақпарат және қоғамдық даму министрі: Дәурен Абаев туралы қызықты деректер - Sputnik Қазақстан
Дәурен Абаев президент Нұрсұлтан Назарбаевпен бірге "100 жаңа есім" жобасының жеңімпаздарымен кездесуде

Қазақстан президенті аппаратындағы мансабын Дәурен Абаев 2007 жылы желтоқсанда бас сарапшы, президенттің кеңесшісі лауазымында бастады. Бір жылдан соң Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз хатшысының орынбасары болып тағайындалды.

2009 жылдың қазанынан президент әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аймақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінде мемлекеттік инспектор болып қызмет етті. Екі жылдан кейін мемлекет басшысының баспасөз хатшысы болды.

Абаев Қытайдағы қазақтар туралы ақпарат жөнінде пікір білдірді

2013 жылдың шілде айында Дәурен Абаев Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы әрі кеңесшісі болып тағайындалды. 2016 жылдың мамыр айында Дәурен Абаев Қазақстанның ақпарат және коммуникациялар министрлігінің басшылығына келіп, 2019 жылдың 25 ақпанында Қазақстанның ақпарат және қоғамдық даму министрі болып тағайындалды.

Жалақы көлемі

Былтыр қазан айында Дәурен Абаев ақпарат және коммуникациялар министрі қызметін атқарып жүріп, айлық жалақысы 950 мың теңге екенін мойындаған болатын. Министр бұл соманы өз еңбегінің лайықты ақысы деп бағалады.

Абаев тіркелмеген телефондардың неге сөндірілмегенін түсіндірді

Марапаттары мен жетістіктері

Дәурен Абаевтың дипломаттық шені бар – I сыныпты бірінші хатшы. Сонымен қатар, ол "Қазақстан Республикасының мемлекеттік хаттамасы" кітабының (2010) авторларының бірі. "Құрмет" ордені, "Астананың 20 жылдығы" мерейтойлық медалімен марапатталған және "Парасат" орденінің кавалері.

Жаңалықтар
0