Дерекқор

Министр болған экс-депутат Сапархан Омаров туралы қызықты деректер

© Sputnik / Владислав ВодневСапархан Омаров
Сапархан Омаров - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан президентінің жарлығымен Сапархан Омаров 2019 жылдың 25 ақпанында ауыл шаруашылығы министрі болып тағайындалды. Омаровтың өмірбаянын Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз

Өмірбаяны

Сапархан Кесікбайұлы Омаров 1968 жылы 5 мамырда Шымкент облысының Қызылқұм ауданы, Утрабат бекетінде (қазіргі Түркістан облысы) туған.

Отбасылық жағдайы

Үйленген, зайыбы – Айнұр Дәулетбердиева. Аружан, Маржан және Әлия есімді үш қызы бар.

Тағы оқыңыз: Қазақстанның жаңа ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов – өмірбаян

Білімі

1995 жылы Г.В. Плеханов атындағы Ресей экономика академиясын экономист мамандығы және 2001 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетін заңгер мамандығы бойынша тәмамдаған.

Қызықты деректер

Сапархан Омаров алтыншы сайланған парламент мәжілісінің депутаты болды. 2017 жылдың күзінде Қазақстанда мамандандырылған аграрлық банк құруды ұсынып, агроөнеркәсіп кешенін жаңғырту бойынша сауатты саясат қажет екенін айтқан еді.

Тағы оқыңыз: Нұрлан Ермекбаевтың өмірбаяны 

Еңбек өтілі

  • 1995 –1996 жылдары Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссияның маманы, бөлім бастығы қызметтерін атқарды;
  • 1996–1998 жылдары – Мемлекеттік азық-түлік келісімшарт корпорациясында бөлім бастығы, басқарма бастығының орынбасары;
  • 1998–2006 жылдары – "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" АҚ-да басқарма бастығы, департамент директоры, басқарушы директор;
  • 2006 –2007 жылдары – "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" АҚ вице-президенті;
  • 2007–2008 жылдары президенттің іс басқармасы парламентінің шаруашылық басқармасы бастығының орынбасары;
  • 2008–2011 жылдары – президент әкімшілігі аумақтық-ұйымдастыру және мемлекеттік бақылау бөлімінің мемлекеттік инспекторы;
  • 2011 –2014 жылдары республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі болып қызмет атқарған;
  • 2014 жылдың наурызынан 2016 жылдың наурызына дейін – ауыл шаруашылығы вице-министрі.

Депутаттық қызметі

"Нұр Отан" партиясының атынан мәжіліс депутаттығына кандидат, VI сайланған мәжіліс депутаты, аграрлық мәселер комитетінің төрағасы болды.

Тағы оқыңыз: Үкіметтің жаңа құрамы белгілі болды

Марапаттар

"Құрмет" орденімен, президенттің Алғыс хатымен, "Тыңға 50 жыл" медалімен, "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл", "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл" мерекелік медальдарымен марапатталған.

Жаңалықтар
0